ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Ерген Кеңесов: Мен көрген Америка

Просмотров - 247
04.07.2018

Бүгінде туған елінен жырақтап шет елде тұрақтап жүрген жандар қаншама. Әсіресе жаз айында. Шет елді аралап олардың мәдениеті, салт-дәстүрі, табиғаты, адамдарымен танысып тіл табысқан кімге де болса қызықты екені сөзсіз.Әсіресе жаңашылдыққа ұмтылған жандарға. Ал біздің мен көрген айдарының кейіпкері Кеңесов Ергеннің шет елге яғни Америка елінде тұрақтап жатқанына бір жылдан астам уақыт болған. Оның айтуынша Америка әр санаттағы адамдарды теңдей көреді яғни оларды бір-бірінен бөліп жармайды дейді. Ендеше, Америка елінің  қыр сырымен бізде танысып көрелік.                                                                                             

                     Америка еліне баруға мүмкіндік қалай туды

Батыс өңірінің тумасы болсамда мектепті аяқатағаннан кейін Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетіне оқуға түстім.Кейіннен үшінші курс оқып жүргенімде оқу орынымдағы белгілі бір жобамен Америка еліне оқуға мүмкіндік туды. Жарты жыл. Бәрі аяқ астынан болды.  Көп ойланбай отбасыммен ақылдасып барамын деген шешімге келдім.Америкаға Мәскеу қаласы арқылы ұшуға тура келді. Өйткені Қазақстанда тікелей Америкаға ұшатын ұшақ болмады. Осылайша он үш сағат бойы ұшақта ұштым. Америкаға барар жолда алдымен Германия еліне келіп тоқтады. Германияның әуежайына түскен сәтте шет елде жүргенім сезіле бастады. Айналамдағы адамдардың бәрі шет ел азаматтары. (Мектепте үйренген бар ағылшын тіліме сеніп бардым (күліп). Абырой болғанда әуежайдан Қазақстан азаматын көріп, танысып Америкаға жеткеннен кейін кездесеміз деп шештік.                                                                                  

                                           Ең алғашқы сезім

Осылайша ұзақ жолдан кейін көптеген адамның арманына айналған Америка еліндегі Нью-Йорк қаласына келіп қондық. Ұшақтан түсе сала басқа атмосфераны сезіндім. Құдды Мұхтар Әуезов «Америка әсерлері» атты очеркінде бейнелеген суреттер көз алдыма келгендей болды.
Адамдарының бір-біріне қарым қатынасы да бөлек. Бара сала көптеген қызықты дүниелерге тап бола бастадым. Бәрі шын өмірде болып жатырды.  Қарапайым қоғамдық көлікке мінемін дегенімде адамдар  мінгізбей қойды. Біз Қазақстанда қоғамдық көлікке мінер кезде бір-бірімізді итеріп, таласып, ұрысып мінемізғой. Солай болады  деп ойласам керек. Сөйтсем қоғамдық көлікке кезек арқылы мінеді екен. Мінгеннен кейін жол ақысын қолма қол алмайды, арнайы билет болады. Кезекпен мінген көлігімнен түсіп билет жасатуға кері әуежайға қайттым. Біраз адастым. Қызықтың бәрі көлікке мінгеннен кейін басталды.  Архитектурасының өзін алып ғимараттардың бой таластыру бәйгесіне негіздеп жобалағандай ма дерсің. Үйлер арасында дуал, бөлік, жік жоқ.
Биік-биік ғимараттар, қаладағы тіршілік мүлде басқаша. Осылайша, шағын бір қонақ үйге орналастым. Адасулар көп болды. Өйткені жалғыз өзім шет елге алғаш шығум. Оның үстіне үлкен Америка.                                                                          

                   Флорида қаласында жұмысқа орналастым

Әуежайда танысқан жігітпен кездесіп, бірге жұмыс жасаймыз деп шештік.  Алайда Нью-Йоркта емес. Америка төңірегіндегі Флорида қаласына. Себебі Америкада теңгенің құны жоқ. Мысалы: Ұялы телефонға бірлікті теңгемен есептегенде 14 000 тг салады. Сондай-ақ жалдайтын пәтеріңе де, қаражат керек болады.   Америкада Қазақстанмен салыстырғанда жұмыс уақыты өте тиімді және сағат сайын ақша есептеледі.  Шағын ресторанда жасасаңда жұмыс уақыты таңғы 06:00 ден 13:00 ге дейін. Кезекпен. Түскі уақытта екінші жұмыс жасауға болады. бір сағатқа 4000 доллар көлеміндегі ақша төленеді. Айына кемдегенде бір млн тг шығады. Бүгінде мен Флорида штатында Мейрамханада жұмыс жасап жатырмын. Алғашында Америкада қалауыма ата-анам қарсы болды. Алайда мен тәуекелге бел буып қаламын деп шештім.  

                                         Қалалардың ерекшелігі

Америка азаматтары жануарға көп көңіл бөледі. Мысалы, мен таңертеңгісін жұмысқа барар кезде, көшеден міндетті түрде ит немесе кішкентай шошқа ұстап серуендеп жүрген жандарды көремін. Тіпті 50 ден асқан ата-әжелерде спортпен шұғылданады. Мейрамханаларда итке арналған арнайы мәзір болады. Оларға адам секілді қарайды. Қала өте таза. Әр мекемеде, қоғамдық орындарда мүгедектерге арналған орындар бар. Көшеге қоқыс тастауға мүлде болмайды.                                                                                       

Нью-Йоркта қалмаған себебім ол өте шулы қала болды. Үйлері көкке найзағадай шаншылған Нью-Йорктің сипаты мүлде басқаша. Ұшақ қонуға бет алып, қаланың үстіне төніп келе жатқанда, мың сан жебелердің қарауылына ілінгендей сезінесің.
Қайнап жатқан тіршілік. Адамдар бір-біріне мүлде мән бермейді. Бұзығы да, білімдісі де, мәдениетті де адамдар бар. Және әр түрлі ұлт өкілдері бар. Бір таңғалғаным Өзбек ұлтының азаматтары көп.  Мен мұнда көптеген ұлттармен таныстым. Олардың адамдармен араласуы сыпайлықтары маған қатты ұнады. Сондай-ақ, Лос-Анджелес қаласынада бардым. Америкалық фильмдердің көбі дерлік түбегейлі дерлік Лос-Анджелес қаласының жанындағы Голливудта шығады. Бұрын соңды теледидардан көрген қала менің көз алдымда болды. Өте тыныш қала болсада, дамылдап тіршілік қайнап тұр. Туризм қарқынды дамыған. Архитектурасыда өзгеше. Бәрі заманға сай.  Менің таңданысым сол күйі бітпеді.  Жалпы Америкада жүріп көптеген қалаларды аралауға болады. Қазіргі таңда мен Флорида штатында тұрамын. Қазақстанға қашан қайтатыным белгісіз. Осындай мүмкіндік туып бүгінде осы елде жүргеніме еш өкінбеймін.

Автор: Асем Жолдыбаева

Расскажи друзьям
Читай так же