ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

ЕРКІН КҮРЕСТЕН БАТЫС АЙМАҚТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Просмотров - 230
19.02.2017

18-19 ақпан күндері «Мұнайшы» спорты кешенінде Қазақстан Республикасына танымал жаттықтырушы Сарбаев Айдар Келдiбайұлын еске алуға арналған еркін күрестен батыс аймақтық турнирі өтті. 2004-2009 жылғы жасөспірімдер арасында өткен жарысқа облысымыздан бөлек, Шымкент, Бәйгетөбе, Жаңаөзен, Құрық, Ақтөбе, Жаңақала, Шұбар, Қандыағаш, Бөдене, Ырғыз, Алға секілді өңірлерден командалар келген.

Маңғыстау облысының жаттықтырушысы Сегізбаев Асхат:

«Сарбаев Айдар ағамыздың атындағы турнир биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұндай жарыстар өсіп келе жатқан кішкене балуандар үшін үлкен тәжірбие алаңы. Балалардың дайындығын тексеріп, кемшіл тұстарымен жұмыс жасау үшін дәл осындай додалардың көптеп өткізілгені дұрыс. Бірнеше командалардың басын қосып, осындай үлкен жарыс ұйымдастырып отырған Атырау облысына алғысымызды білдіреміз. Жасөспірімдер күресі Атырау облысында өте қарқынды дамып келеді. 2016 жылғы Қазақстан чемпионатында Атыраулық қос балуан чемпион атанған болатын. Бұның өзі күрес спортының дұрыс бағытқа қойылғандығын дәлелдейді. 

Айта кету керек, еркін күрес бәсекесінде алғашқы күні 250 жас сынға түссе, екінші күні күні 200-ден астам жасөспірім қатысты.

Расскажи друзьям
Читай так же