ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

«Ерлік жолы» халықаралық патриоттық экспедициясы

Просмотров - 109
03.07.2018

Бүгін «Ерлік жолы» халықаралық патриоттық экспедициясы қорытындысы бойынша «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа үлгі» тақырыбында Атырау қаласының жастарымен және ардагерлерімен кездесу отырысы өтті.                                                                             

Ұлы жеңістің басталғанына 77 жыл толуына орай, еске алу және аза тұту күні аясында 2018 жылдың 16-22 маусым күндері Москва қаласынан Брест қамалына екінші рет бронепробег  «Ерлік жолы» халықаралық патриоттық экспедициясына Атырау облысынан бір топ делегация қатысып келген болатын.                                                                                        

Шараға тарихи патриоттық Каспий маңы орталығының жетекшісі Талғат Илясов, Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысының орынбасары Сағадат Орынбасарұлы, Ұлы Отан соғысы батырының туысы Асан Сұлтанов,  Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әліпқали Шамжанұлы  арнайы қатысып жастармен ашық әңгіме жүргізді.                                                                       

Экспедицияның мақсаты бронемашиналармен ардагерлеріміздің ерлік жасаған майдан жолдарымен жүріп, алапат шайқастар өткен өңірлерді аралап, бауырластар зиратына, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, ерлік шежіресімен жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.                                                                               Жастарды осынау тарихи шараға қатынасып келген Атыраулық тұлғалармен кездестіріп, ардагерлеріміздің батырлығы мен қайсарлығын жастар арасында кеңінен насихаттап жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру болып табылады.

Кездесу соңында жастар ардагерлерге көкейтесті сұрақтарын қойып, ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

 

Расскажи друзьям
Читай так же