«Жастар – болашақ энергиясы» тақырыбында жастармен онлайн-консультация

“Жастар» Ғылыми-зерттеу орталығы жəне БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) «Жастар – болашақ энергиясы» тақырыбында жастармен онлайн-консультациялар өткізеді.

Онлайн-консультациялар жастардың қажеттіліктерін, олардың үкіметтен не күтетінін жəне оған қатысты қандай көзқараста екенін, жастарға арналған басымдылығы жоғары қызмет түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Сауалнама қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын əрі қарай жүзеге асыру бойынша ұсынымдар əзірленеді. Аралық қорытынды нəтижелер халықаралық сарапшылармен «UNICEF Talks: балалардың құқықтарын инновациялар арқылы ілгері бастыру» шарасында 19 тамыз күні «ЭКСПО 2017» аумағында талқыланады. Қорытынды ақпарат дайындалып,

«Қазақстан жастары – 2017» Ұлттық баяндамасында ұсынылады. Сауалнама толығымен құпия, əрі шамамен 20 минут уақытты алады.

Сауалнамаға балалар, жасөспірімдер жəне 29 жасқа толмаған жастар қатыса алады. Онлайн-консультацияларға қатысу сілтемесі: http://bit.ly/kazexpo

Осыған орай, осы жобаға қолдау көрсетіп, онлайн-консультацияларды келесі жолдармен өткізуге көмектесуді ұсынамыз:

1. Жастарға онлайн-консультацияларға қатысып, жастардың қызығушылығын тудыратын үдерістерге ықпал ету мүмкіндігі туралы айтып беру;

2. Онлайн-консультациялар өтетіні туралы ақпаратты жастармен жұмыс жасайтын мекемелерге тарату;

3. Онлайн-консультациялардың интерактивті баннерін мекемеңіздің веб-сайтында жəне əлеуметтік желілердегі парақшасында орналастыру.

Онлайн-сауалнамаға сілтеме: http://bit.ly/kazexpo

Барлық сұрақтар бойынша «Жастар» ҒЗО-ның жəне ЮНИСЕФ ұйымының келесі қызметкерлерімен хабарласа аласыздар:

Http:// elzhastary.kz/                                    

«Жастар» ҒЗО-ның Жастарға арналған       

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ)

Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің

Қасымбеков Əмір Маратұлы

(7172) 769349

amirkass07@gmail.com

 

Http://unicef.kz/

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ)

Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің

«Жасөсіпірімдерді жəне жастарды дамыту»

бағдарламасын үйлестіруші Айгүл Кадирова

(7172) 321803, 326092 (қос.110)

akadirova@unicef.org

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.