ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Головкин – Альварес жекпе-жегінің қайда өтетіні белгілі болды

Просмотров - 546
06.06.2017
Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегі Лас-Вегаста T-Mobile Arena аренасында өтеді.
 

«Головкин-Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлерді керемет шоу күтіп тұр!», — деп жазды GGG промоутері Том Леффлер.

2016 жылы ашылған бұл спорт кешеніне 20 мың адам сияды.

Геннадий Головкин Лас-Вегаста жекпе-жек өткізіп көрмеген. Ал «Канело» бұл қалада 10 жекпе-жек өткізіпті, Амир Хан мен Хулио Сезар Чавеске ( кішісі) қарсы кездесуін осы аренада өткізген болатын.

 
 Дереккөз: Baq.kz
Расскажи друзьям
Читай так же