ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Головкин мен Альварес жанжалдан кейін бетпе-бет кездесті

Просмотров - 207
03.08.2018

Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес қыркүйектегі матч-реванш қарсаңында қандай да бір біріккен медиажобалардан бас тартқанына қарамастан, бетпе-бет кездесті. Олар шілдеде кездескен, боксшылар алдағы жекпе-жегінің проморолигін түсіру шарасына қатысқан.  «Кездесу шиеленіскен жағдайда өтті.

Боксшылар бір бөлмеде болып, бір-біріне қарсы соққы жасауы қажет болды. Олар «шынайы жаугершілікті» көрсетіп, түсірілім алаңында трэштокинг жасады», — деп жазады басылым. Еске салайық, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі өткен жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен. 12 раундтың қорытындысы бойынша олар тең тарқасқан. Тараптар қызу талқыдан кейін 15 қыркүйекте қайтадан кездесу ұйымдастыру туралы шешімге келді.

Расскажи друзьям
Читай так же