ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Головкин соңғы жекпе-жектен қанша табыс көрді?

Просмотров - 18
21.09.2017
Таяуда Marca басылымы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жектің ақылы трансляциясы (PPV) қанша табыс әкелгенін болжап көрді. 
«Сандар нақты емес, дегемен «Канело» шамамен 25 миллион доллар, ал Головкин — он миллион ақша алған. Әр PPV-дің бағасы 80 доллар тұрады», — деп жазған испаниялық басылым.
 
Айта кетейік, Головкин мен Альварес кездесуін тамашалау үшін келген көрермендер T-Mobile Arena-ны толтырды. Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайердің хабарлауынша, ұйымдастырушылар жекпе-жектен 30 миллион доллар пайда көрген.
 
Дереккөз: prosport.kz
Расскажи друзьям
Читай так же