ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Головкинді қалай жеңу керек екенін білемін — Лемье

Просмотров - 526
05.05.2017
Канадалық кәсіпқой боксшы Давид Лемье Геннадий Головкинмен қайта жұдырықтасудың сәті түссе, қалай жеңіске жетудің жолын білетінін айтты. Бұл туралы FightHub жазды.
 
— Мен Головкинмен қайта жұдырықтасуды қалаймын. Неліктен? Себебі мен енді оны қалай жеңудің жолын білемін. Ол — мықты боксшы, дегенмен қарапайым жан. Кез келген боксшының мықты әрі әлсіз тұстары болады. Мен өзімнің одан мықты тұсымды білемін. Оған қарсы жекпе-жекке шығу оңай емес. Бірақ оны жеңуге болады. Мен осал емеспін. Кез келген мықты боксшыны жеңуге шамам жетеді, — деді Давид Лемье.
 
Айта кетейік, Давид Лемье келесі жекпе-жегін 6 мамыр күні Сауль Альварес пен Хулио Сезар Чавес арасындағы кездесудің андеркартында өткізеді. Мексикалық боксшы Маркос Рейеспен жұдырықтасады.
 
Дереккөз: inform.kz
 
Расскажи друзьям
Читай так же