ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Халықаралық бокс турнирі жалауын көтерді

Просмотров - 711
02.07.2018
Атырауда бокстан дәстүрге айналған Асқар Алтынбекұлы
Құлыбаев атындағы Халықаралық турнир жалауын көтерді.
Қазақстан Республикасы Бокс Федерациясының құрметті
президенті Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың жүлдесіне арналған
ерлер арасындғы додада биыл 103 боксшы бақ сынауда.
                                                                                      
Жарыстың ашылуында сөз алған Атырау облысы дене
шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет
турнирдің деңгейі жылма-жыл артып келе жатқанын ерекше айта
кетті.
                                                                                                 
Мысалы биыл Өзбекстан өздерінің мықты деген 21
боксшысын әкеліп отыр. Онымен қоса Ресей мен Тәжікстан
құрамалары да осал емес.
Турнирге құрметті қонақ ретінде әлем чемпионы Қайрат Ералиев
қатысты. Ол кез-келген боксшының осындай турнирлерде
жеңіске жету арқылы үлкен шыңдарды бағындыра алатынын
айтып өтті. Атыраудағы осындай ірі турнирлердің басқа да
облыстарда өткізілгенін қалайтынын жасырмады.
Халықаралық турнир шілде айының 5-іне дейін жалғасады.
Расскажи друзьям
Читай так же