Ищан Галиев Тайландта жеңіске жетті.
Просмотров - 9865
05.12.2018
Атыраулық Муай-Тайшы Тайланд елінде кәсіпқойлар арасындағы екінші жекпе-жегін өткізді. Жергілікті спортшымен болған кездесу уақытынан бұрын аяқталды. Ищан қарсыласын бас көтертпей, айқын басымдылық танытты.
Бұл атыраулық спортшының кәсіпқой аренадағы екінші жекпе-жегі. Екеуінде уақытынан бұрын ұтып отыр. Қазіргі уақытта ол Тайланд елінде өз қаржысына оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Айта кету керек, Ищан Галиев биылғы жылы Мексика елінде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.