ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Кикбоксшылардың Грузиядағы кезекті жеңісі

Просмотров - 517
30.07.2018

Грузия елінің Тбилиси қаласында кикбоксингтен Халықаралық жарыс өтті. Кәсіпқой шеберлер арасында өткен дода Түркия, Грузия, Иран, Әзірбайжан және Қазақстан елдері өкілдерінің арасында өтті.


Данияр Юсупов бастаған атыраулық 3 кикбоксшы да өз кездесулерінде жеңіске жетіп, Грузия елінде байрағымызды көтерді.


Алдымен 54 келіде Сәлімгереев Жанали Түркиялық Мехмед Ялшинді тізе бүктірді. 60 келіде әлем чемпионы Жандос Назарбеков Грузиялық Вако Папаскириден айласын асыра алды. 67 келіде Азамат Өтемісов тағы бір Грузиялық қарсыласы Котт Джангавадзені ұтты.


Грузияда өткен әлемдік турнир оңайға түспеді. Қарсыластарымыз біз ойлағаннан да мықты дайындықпен келген екен. Жарыс күні бас жаттықтырушымыз Данияр Юсуповтың туған күнімен тұспа-тұс келді. Сол себепті де жеңісімізді бапкерімізге арнадық, — дейді атырулық кикбоксинг шеберлері.

Расскажи друзьям
Читай так же