ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

«Көлік құрылғылары» кабинеті жаңа жарақтарға толды

Просмотров - 116
29.08.2018

Атамекен кіші бағдарламасы аясында «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы А.Кораблев өзі білім алған Атырау қаласындағы «Көлік және коммуникация» колледжінде цифрлық құралдарды оңдау, «Көлік құрылғылары» кабинетін жарақтандырды.

 

Колледж ғимаратында орналасқан кабинеттің күрделі жөндеуіне жалпы құны 2 миллионға жуық қаражат бөлінді. Кабинет білім беру сапасын арттыру және студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жабдықталды.

Индустрияландыру және экономиканы жаңғырту бағдарламасының аясында елімізге білікті қызметкерлер қажет-ақ. Осы тұрғыда білім саласына жасалған бұл көмектің маңызы зор. Бүгінгі күні кабинетке демеуші Кораблевтың есімі беріліп, интерактивті тақта, проектор, үстелдер, үш компьютер, принтерлермен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта студенттердің білім деңгейін көтеру үшін техникалық әдебиеттерді, плакаттар мен жұмыс модельдерін сатып алу жоспарланып отыр.

Расскажи друзьям
Читай так же