ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Конфедерация кубогі — Атыраулықтарға қолдау көрсет!

Просмотров - 166
27.10.2018

28 қазан күні «Атырау» спорт кешенінде Конфедерация кубогі аясында «С» тобының бәсекелері өтеді. Ашылу салтанаты 10:00-де. Онда Атырау облысынан бөлек Алматы қаласы, Жамбыл облысы мен Маңғыстау облыстары бар.

Бұған дейін бокс пен қазақ күресінен іріктеу кезеңдері өтіп кеткен болатын. Атыраудағы бәсекеде таеквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күрестері бойынша сайыстар өтеді.

Топтан үздік шыққан командалар желтоқсан айында Алматы қаласында өтетін жартылай финалдық кездесулерге жолдама алмақ.


Конфедерация кубогі – 2016 жылдан бастап спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының ұйымдастыруымен қолға алынған командалық жарыс. Онда бокс, дзюдо, таеквондо, еркін күрес, грек-рим күресі және қазақ күресінен сайыстар өтеді. Жарыстың жүлде қоры – 125 млн теңге.

Расскажи друзьям
Читай так же