ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Конфедерация кубогы — Дзюдошылардың бағы жанған күн!

Просмотров - 85
29.10.2018

28-ші қазан. Атырауда Конфедерация кубогының «С» тобындағы іріктеу сайыстары өтті. Бұл топта Атырау облысынан бөлек Алматы қаласы, Жамбыл облысы мен Маңғыстау облыстары сынға түскен болатын.

Таеквондо, еркін және грек-рим күрестерінен Алматы қаласының командасына тең келер ешкім болмады. Есесіне намысқа тырысқан жарыс қожайындары, атыраулық дзюдошылар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмастан келесі кезеңге жолдама алды.


Атыраулық дзюдошылар былтыр да Конфедерация кубогының жартылай финалына жолдама алып, облыс тарихында алғаш рет қола жүлдегер атанған болатын. Кулбаев Рашид пен Мейіржан Есмағамбетов баптайтын облыс құрамасы бұл нәтижелерін жақсарта түсуге барын салатынын айтты.


Айта кету керек, топтан үздік шыққан командалар желтоқсан айында Алматы қаласында өтетін жартылай финалдық кездесулерге жолдама алды.

Конфедерация кубогы – 2016 жылдан бастап спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының ұйымдастыруымен қолға алынған командалық жарыс. Онда бокс, дзюдо, таеквондо, еркін күрес, грек-рим күресі және қазақ күресінен сайыстар өтеді. Жарыстың жүлде қоры – 145 млн теңге.

Расскажи друзьям
Читай так же