ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Корея Республикасына баруға үлкен мүмкіндік…

Просмотров - 95
02.10.2018

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі «Орталық Азия–Республика Корея» Форум хатшылығы (бұдан әрі – Хатшылық) 2018 жылғы 17 қыркүйек пен 19 қазан аралығында жастар арасында «Ең үздік бизнес идея» бойынша конкурс жариялағанын хабарлайды. Аталған конкурсқа жасы 39-ға дейін Орталық Азия мен Корея Республикасы азаматтары қатыса алады.

Жеңімпаздарды анықтау бойынша 1-ші деңгейде Корея Республикасындағы Орталық Азия мемлекеттерінің елшіліктерінен келіп түскен 2 кандидатура қарастырылады. Сонымен қатар, қатысуға ниет білдіргендер Хатшылыққа онлайн сұраныс жіберуі қажет. Елшіліктер ұсынған әр елден екі кандидатура 2018 жылғы қазан айында сұхбаттасуға қатысуы қажет.

2-ші деңгейде таңдалған кандидатуралар 2018 жылғы қарашада ақырғы конкурсқа қатысу үшін Корея Республикасына шақырылады.

Конкурсқа қатысуға байланысты шығындар (әуе көлігімен бару, қонақ үйде тұру) шақырушы тарабымен төленеді.

Осыған орай, Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы Сізден «Ең үздік бизнес идея» туралы ақпаратты облыстағы жастар арасында кең таралуына ықпал етуіңізді және аталған конкурсқа қатысушылар жайлы ақпаратты ағымдағы жылдың 8 қазанына дейін m.kumasheva@atyrau.gov.kz электронды поштасына жолдауыңызды сұрайды.

Орынд.: М.Құмашева

Тел.:8 (7122)32-18-14

Эл.пошта:m.kumasheva@atyrau.gov.kz

Расскажи друзьям
Читай так же