Какой сегодня день

17 октября

2017 жылғы кітаптар желісі бойынша түсірілген сұраныстағы 10 сериал

Кітап желісі бойынша түсірілген дүниелер көбінде өзгеріске ұшырап отыратыны жасырын емес. Бұл оқырманның көңілінен аса шыға бермейтіні рас. Сериалдардың басты айырмашылығы - болған оқиғаны рет- ретімен анық түрде баяндап беруі. Ал, сіздердің назарларыңызға биылғы жылы аса қызығушылықпен  күтілетін сериалдар топтамасын ұсынамыз.

Изумрудный город

Еркін телевизиялық бейімдеу кезінде автор жұмбақ белгісіз жердің шырмауына қалған жас қыз Доротидың сиқырлы әлемі туралы суреттейді. Қазіргі заманғы өмір баяндалған мұңға толы ертегілердің бірі.

 Лемони Сникет: 33 несчастья

Бодлер отбасының ата-аналары кенеттен тұтанған өрттен қаза болып, оның балалары жетім қалады. Олар секілді жетім Вайолет Клаус және Олаф оларға қамқор болып, алғашқы күндерден-ақ жақын таныса кетіп, өмірдің мәңгі емес екенін түсіндіреді.

Ривердэйл

Ривердэйл басқалар білуге тиісті емес, көптеген ірі құпияларды біледі. Бірақ та, басты рөлдегі оның достары Арчи Эндрюса, Бэтти Купер, Вероника Лоджда ол құпиядан мүлде бейхабар. Олардың іші пысқаны соншалық жаңа оқиғаларды іздеуге кіреседі.

Большая маленькая ложь

 Бұл кинода үш ата-ананың зорлық-зомбылық, алдап-арбау және әйелдер достығы туралы көрсетіледі. Бір таңғаларлығы осындай қатігездіктің арасында комедия да бар.

 

Влюбленные знаменитости

Пейдж Тоунсен колледжінің студенті провинциялық қалада түсірілетін голливуттық фильмге түсуге бақыт билетін ұтып алады. Қысқа ғана уақыт ішінде ол халықаралық атақ пен әлемдік жұлдыздардың азғыруына тап болады.

Рассказ служанки

Бұл сериалда көңілсіз болашақтағы тоталитарлық Гилеад атты мемлекет тіршілігі баяндалады. Қазіргі замандағы негізгі мәселе - әйелдердің бедеу болуы. Бала туу көпке бұйыра бермейтін бақ. Сондай баққа ие болған Оффред атты кейіпкердің өмірі бейнеленеді. Ол мемлекеттер тарапынан құрылған арнайы лагерьге барып, болашақта бала тууға міндетті қызметшілердің арасына келеді.

 

Миднайт, Техас

Өркениетті Миднайт қаласынан жасырын Техас штатында қарапайым адамдармен бірге беймәлім құбылыс өмір сүреді. Ол беймәлім адам сүйкімді қыз болуы да мүмкін. Бірақ басты кейіпкер қарапайым адам емес.

Американские боги

Өзінің сүйген жарын ақтық сапарға шығарып салу үшін абақтыдағы Тенді уақытынан бұрын бостандыққа шығарады. Жаназадан соң қайта оралған оның жолына Мистер Среда атты бейтаныс адам жолығады. Кейін екеуі бірігіп, жаңа және ескі құдайлар арасындағы соғысты тудырады.

 

Страйк

Корморан Страйк, Роберт Гэлбрейттің кітабындағы Джоан Роулинг атты лақап атпен танылған белгілі кейіпкер. Страйк - ауған соғысының ардагері. Кейін ол Робин атты көмекшісімен із кесушіге айналады. BBC ұсынған туынды Британ мемлекетінің классикалық  детективі болып табылады.

Эпоха за эпохой

Сериалда болашаққа саяхат жасайтын уақыт машинасын ойлап тапқан жас жазушы Герберт Уэллс туралы баяндалады. Ол бастаған ісін соңына дейін жеткізбесе де, оны полициядан қашып жүрген Джек Потрошитель бітіреді. Уэллс болашақта су тасқыны болып, әлем толықтай жаман жаққа қарай өзгеретінін сезеді. Осының алдын алу мақсатында болашаққа аттануды жөн көреді.

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.