Какой сегодня день

24 мая

Ақын есімі ұлықталған күн

25-желтоқсан ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, поэзия падишасына айналған тұлға Фариза Оңғарсынованың туған күні. Жастайынан жыр әлеміне қанат қағып, өлең дейтін қасиетті өнердің өресін кеңіткен қазақтың ақын қызы көзі тірі болғанда 77 жасқа толар еді.  Ақынның туған күніне орай, Атырау жұрты ақынның есімін ұлықтап,  дәл сол күні Фариза Оңғарсынованың ескерткіші басында естеліктер мен әдемі жыр оқылған еді. Сол әдемі кештің жалғасы 26 желтоқсан күні «Алтын сарай» мейрамханасында көрініс тапты. Бұл кештің басты мақсаты мен ерекшелігі – «Фариза жұлдыздары» атты жас ақындар клубының қадам басуында. Кеше ғана тұсауын кескен бұл  клуб - Қазақстан жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының жанынан құрылып отыр. Клубқа мүшелік ретінде облыс көлемінде барлығы 25 жас ақын, жазушылар құрамға кірді. Ал, жас ақындардың басын тоғыстырып, бір ортаға жинауға ұйытқы болған – ақын, Халықаралық «Шабыт» сыйлығының гран-при иегері Әлия Дәулетбаева клубқа жетекшілік етеді.

Кештің шымылдығы ретінде  Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық театр актерлары ақынның күнделігінен алынған үзінділерді көпшілікке ұсынып, ақын Бақытгүл Бабаш Фариза Оңғарсыноваға арнаған «Аңсар» атты туындысын оқыды.

Ақындар клубының тұсаукесеріне облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  бастап, Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиев, ақын Светқали НұржанМаралтай Райымбеков, скрипкашы Айман Мұсахожаева  және ақынның туған-туыстары, қаламдас іні-сіңлілері қатынасты.

Алғаш болып, сөз тізгінін алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жас ақындарға сәт-сапар тілеп, клуб құрамындағы ақындардың арта беруіне тілектестігін білдірді.

Әлия ДӘУЛЕТБАЕВА: ақын, «Фариза жұлдыздары» жас ақындар клубының жетекшісі:

«Соңғы кезде Атырау өңірінде жазба поэзия өкілдерінің сиреп баратындығы, жас ақындардың бір ортаға тоғыса алмай жүргендігі жанымызға батып жүрген еді. Бүгін Бақытгүл Бабаш екеуміздің арманымыз орындалған күн болды. Біздің кішкене арманымыздың жүзеге асуына қолдау білдірген облыс әкімдігіне және облыстық мәдениет және құжаттама басқармасына үлкен алғысымды білдіремін».

Маралтай РАЙЫМБЕКҰЛЫ,  ақын:

Шын ақында өлген күн болмайды, туған күн ғана болады. Сондықтан, Фариза апайды біз мәңгілік жасайды деп есептейміз. Апамыздың өзінің жақсы өлеңі бар, «Мен тілеймін күңкіл мен ұсақтықтан, Сақтағай деп даламның жігіттерін» деп аяқталатын.  Дәуірлер мен замандар алмасқан алмағайып тұста, қазақтын жігіттерінің намысын қайрау үшін Алла Тағала бізге Фариза апамызды жіберген сияқты болып көрінеді. Фариза апамыз тек ұлы Айбарға ғана емес, бәрімізге де ана болды. Сондықтан, оған бәріміздің де таласуға құқымыз бар еді» деп, естеліктерін ағытып, Фариза ақынға арналған «Найзағай» атты өлеңін оқып берді.

 

Кештің қорытындысы ретінде, Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиев сөз сөйлеп, 25 ақынға куәлік табыс етті.

Өлең ортасына енді қадам басқан «Фариза жұлдыздары» клубының ғұмыры ұзақ болсын деген ниетпен, шығармашылқ табыс, шалқар шабыт тілейміз.

 

 

                                                                                                   


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.