Бүгін қандай күн?

20 қараша

Асқар Бисембин: "Таза қазақша кино сатылымда өтпейді"

Қаламызда жыл сайын өз саласының білікті мамандарын шақырып, жастармен пікір алмасатын форум өткізу дәстүрге айналып келеді. Алдыңғы жылы тамыз айында 4 бағыт бойынша облыстық жастар форумы өтсе, биыл "Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында облысымыздағы өзекті мәселелердің шешімін тауып, көршілес мемлекет жастары мен еліміздің белсенді жастарының тәжірбие алмасуы мақсатында 2 күндік "Saraishiq Upgrade" өңірлік жастар форумы өтуде.

Экология, медицина және кинематография бағытының қатысушыларына Республикамызға танымал мамандар дәріс оқуда. Ал кинематография бағытында белгілі режиссер Асқар Бисембин, актер Санжар Мадиев пен оператор Азамат Дулатов өз тәжірбиелерімен бөлісуде.

Ендеше, шетелдік әртістермен жұмыс жасап жүрген танымал режиссер Асқар Бисембиннің жастармен бөліскен әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз.


Киноның сәтті шығуы көлік жүргізушісіне де байланысты

"Қазақтар кино түсіріп білмейді" дейді. Біздің Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болса, кино саласы қалай бірден дамып кетеді. Бәріне уақытпен келеміз. Соңғы жылдарда түсірілген фильмдер көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Әр режиссер фильмін түсірер алдында барлық дүниені жоспарлап алады. Командамен жұмыс жасайтындықтан, бәрі бір-біріне байланысты. Мысалы, түсірілім тобы түсте жеген тамақтан уланып қалса, түсірлім аз дегенде бір күнге тоқтап қалады. Ал ол сіздің киноңыздың сәтсіз шығуына бірден-бір себеп болуы мүмкін. Түсірілім тобын таситын жүргізуші уақытпен жүріп, сіз ешқандай кедергісіз киноңызды аяқтап шықсаңыз, кино сатылымда өте жақсы өтуі мүмкін.

                                                                         Таза қазақша кино сатылымда өтпейді

"Кино бұл - өмір" деп жатамыз. Ал өмірде қазіргі жастар қазақша жазғанымен, таза қазақша сөйлемейді. Сол себепті, киноны таза қазақша түсіру қызық емес. Ол біріншіден, шынайы болмайды. Екіншіден, таза қазақша кино сатылымда өтпейді. Мысалы, бәрі әлеуметтік желіде "Галактика сақшылары неге қазақ тіліне аударылмаған?" деп шулады. Аударылды. Алайда, келушілердің саны 10-ға жетпегендіктен, көп ұзамай жауып тастады. Қазақтар ақшасын қимайды. Бәрінің тегін болғанын қалайды. "Жаңа фильм шықса, ой, Youtube-қа шыққасын көре саламын" дейді. Маған ешкім "кино түсіргің келеді екен" деп ақша бермейді. Өз қаражатыма жасалған дүние өзін-өзі ақтағанын қаласам, барынша өтімді әрі сапалы болғанын қадағалаймын. Біз айтуға шебер, іске келгенде олақпыз. Оның ішінде тіл мәселесі өте ауыр тақырыптардың бірі.

                                                                             Мен махаббаты сүйісумен шектемеймін          

Басқа режиссерларға жауап бермеймін. Алайда, өзім кинода ашық көріністердің болғанын құптамаймын. Өйткені, оны менің балаларым, 15-20 жылдан кейін, олардың балалары көреді. Сол кезде әкеміз дұрыс дүниелер жасаған екен ғой дегенін қалаймын. Оған қоса, махаббат деген - өте әдемі сезім. Оны фильмде сүйісусіз-ақ әдемі беруге болады. Мүмкін мен біреу үшін ескі заманның адамы шығармын. Десе де, заман өзгеріп, адамдар үшін құндылықтардың маңызы өзгерген кезде, онсыз да айқын дүниені жарнамалап, жариялаудың қажеті жоқ.

                                                                          Тарихи фильм түсіруге дайын емеспін

Қазақ халқының тарихы терең. Оның ішінде бүгінгі форум аталған "Сарайшық" қаласы да өте көне орындардың бірі. Біздің тарихты әркім өзінше бұрмалап айтады. Кино түсірген соң шындыққа сай болуы қажет. Ол кезде адамдар қалай киінген, сөйлеу мәдениеттері қандай болды, келбеттері бәрін-бәрін зерттеу керек. Мен үшін театрдың дауысымен "Қазақ деген ел болған" деп басталатын фильмдер ұнамайды. Ондай қызықсыз фильм түсіргім келмейді. Шындыққа жақын тарихи фильм түсіру үшін үлкен ізденіс, дайындық керек. Сол себепті, тарихи фильм түсіруге әзір дайын емеспін.

Сценарий қалай жазылады?

Қандай жанрда түсірілсе де, сценарий бір үлгіде жазылады. Яғни, сценарий 90 беттен тұруы керек. Сценарийді алдын-ала минутқа дауыстап оқып алу маңызды. Өйткені, кино бас аяғымен 100 минутты қамтуы қажет. Көрерменді жалықтырмайтын кино 1 сағат, 35 минуттан тұрады. Сценарий көңілден шықты. "Қайда түсіреміз, қанша адам керек, олар не істейді?" деген мәселелерді шешіп, бәрімен келістіңіз. Бәріне сценарий көшірмесін бердіңіз, керек құралдарды алдыңыз, түсіріп, монтаж жасадыңыз. Кино дайын. Алайда, көрерменге қызық емес, қаралым жоқ. Неге? Себебі, бастапқы да сюжет дұрыс құрылмады.

Сценарийді қалай дұрыс құрамыз?

Біріншіден, нақты тақырып таңдалуы керек. Сосын, сол төңіректе оқиға өрбиді.

Екіншіден, көрерменді басты кейіпкермен таныстыру үшін 5-7 минут оның әлемі мен мінез-құлқына арнайсыз. Көп кинолар басты кейіпкердің ұйқыдан тұруынан бастап жатады. Меніңше, бұл ақымақтық. Қиялдың жеткен жері ол болмауы керек. Одан да кейіпкердің мінезін оқиғаға ілестіріп берген дұрыс. Ал сыртқы дауыспен өзіне айтқызып қойған да қате. Мүмкін бұл студенттерге баратын шығар. Жалпы, оқиға сырттан сөйленбегені дұрыс.

Үшіншіден, әр фильмнің өз ұраны болуы керек. Бұл арт-хаустан басқа барлық фильмдерді жазудағы басты ұстаным. Тағы бір маңызды дүние - бас оператор, режиссер және сценарист бір-бірін сөзсіз түсініп, ойлары бір жерден шықса, мықты дүние пайда болады.

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.