Какой сегодня день

17 октября

Камила Жапалова: «Биыл көгілдір түс сәнде»

Сурет өнері - өнердің ең нәзік, сыршыл түрі. Ол адам жанын қиялға берілтіп,  өмірге құштар ететін өзгеше әлем іспетті. Осы өнерді бала кезінен бойына серік еткен Камила Жапалованың туындыларында өзгеше бір сыр барын байқайсың. Бүгінде оның суреттері халық көңілінен шығып, жоғары бағаланып жүр. Камила тек қылқалам шебері емес, дизайнер ретінде де қаламызда танымал. Осы орайда6 атыраулық бикештер үшін арнайы «Жас Атырау» порталы биылғы жазда қандай киімдер сәнде екенін жас дизайнерден сұрап білген болатын.

        

− Биылғы жылдың көктем-жаз айларындағы сәнді киім үлгілері қандай?

− Әр жылдың сәнді киім үлгілерінің өз ерекшелігі бар. Жыл сайын олардың қатары жаңарып келетіні жасырын емес. Бұрынғыдағыдай емес, қазір адамдар өзіне ұнған түсін таңдап киеді. Ал биылғы жылдың көктем-жаз айларында көздің жауын алатын көгілдір түс сәнде. Осы түстегі киімдерді ойланбастан таңдап ала беруіңізге болады. Әр адамды бұл түс ерекше ашып, одан сайын құлпырта түседі.  

− Өз киім үлгіңізге көңіліңіз тола ма?

− Әрине, көңілім толады. Өйткені, мен өз киімдерімді тігіп киемін. Әдетте, киім сатып аларда ыңғайлы болуын қараймын. Яғни, артық жерлерін өлшеп, жөнге келтіремін. Осы қылығымды көріп балаларым: «мама, сіздің киімдеріңіз түсініксіз, үтіктеуге де келмейде немесе бүктелінбейді» деп күледі. Бір жағынан, өзімнің қолымнан шыққан дүние басқаларына қарағанда әдемірек көрінеді. Ал гардеробымда көп киім үлгері бар. Негізінен, қыз бала шалбар киіп жүргеннен гөрі, көйлек киген әдемі жарасады. Сол себепті, менің гардеробымда түрлі-түсті көйлектер өте көп.

− Сізге шабыт қайдан келеді?

− Шабыт өздіген сап етіп келе қалатын дүние емес. Тіпті, оны келеді деп күте беруге де болмайды. Шабыт көбінесе жұмыс істеп отырған уақытта келеді. Адам өзінің жұмысын сүйіп жасайтын болса, шабыт кез келген мезгілде келетін сияқты. Біз өнер адамы болғандықтан, тым қиялимыз. Әр нәрсені армандауға құмармыз. Сондықтан, көз алдымызға түрлі бейнелер елестеп, шабыт өздігінен солай оянады.

− Кез-келген жан дизайнер бола алады ма?

− Жоқ, әрине. Мен әр адам дизайнер немесе суретші болады деп айта алмаймын. Өнер жолы қиын жол. Басқа өнер түрлеріне қарағанда, бұл өнерге сен кішкентай күнінен бастап бейімделуің керек. Дизайнер болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өте көп жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Мәселен, кей адамдар сурет салып жүріп, дизайнер боламын десе қателеседі. Қай іс болмасын бір пайыз талант, тоқсан тоғыз пайыз еңбектен тұратынын ұмытпаған жөн.

− EXPO 2017 көрмесіне қатысуға жолдама алғаныңызды естідік. Көрмеге қандай суреттеріңізді ұсынбақшысыз?

− Бұл көрме бүкіл қазақ елінің асыға күткен мерекесі. Бүкіл әлем бақылаған халықаралық көрмеге облыстың бірнеше саладағы мамандары болып баруды жоспарлап отырмыз. Уақыт жақындаған сайын қобалжуда жоқ емес. Тарихи өлкетану музейінде көрме аясында байқау ұйымдастырылған болатын. Мен бұл байқауда 2 орын алдым. Туындымды експо көрмесіне баратынын естігенде қатты қуандым.

− Болашақтағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

− Болашақта атқарылатын жұмыстар шаш етектен. Барлығына бірдей уақыт пен күш керек. Қазір ұлттық нақышта тігілген қазақи көйлектерді қыз-келіншектерге арнап тігіп, ұсынып жүрмін. 2 жылдан уақыттан астам бері дизайнмен айналысып келетіндіктен, оны әрі қарай дамыту жоспарлап жүрмін.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.