Какой сегодня день

16 августа

Көрерменді тәнті еткен «Баянды бақ» қойылымы

Кеше Атырау облыстық  М.Өтемісұлы атындағы драма театрда Мәлік Отарбаевтың  «Баянды бақ» (Өң мен түс) спектакльінің  премьерасы болып өтті. Бұл қойылымның көркемдік жетекшісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Р.Отарбаев, қоюшы режиссері М.Томанов және суретшісі Т.Мұхтаров.

Қойылым Түрік елі мен Қазақ елінің арасындағы достықты нығайтуды көздейді. Спектакль «месхетиндік» түріктердің тағдыры жайлы. Месхетия жерін немістер жаулап алады деген хабар жеткенде барлық халықты туған жерлеріне қайтарады. Оларды бір пойызға мінгізіп, басқа аумақтарға жер аударып жібереді. Ал бұл пойызда қойылымның бас кейіпкерлері жаңадан отау құрған  Жасмин мен Әкбар бір-бірінен адасып қалады. Әкбар пойыздан секіріп үлгергенімен, аяғы ауыр Жасмин Қазақстанда қалып, перзентін дүниеге әкеледі. Осылайша, сәбиімен жалғыз өзі қалған Жасмин күйеуімен қойылымның соңында қайта қауышады. Бұл спектаклді тамашалған көрермен көз жастарына ерік берді.

«Ең алғаш бұл пьесаны оқыған кезімде мен Мәлік ініме Атыраудың театры осы драманың тұсауын кесетін болады» деп уәде берген едім. Бүгін сол мақсатқа жетіп отырмыз»,-деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Р.Отарбаев.

Сонымен қатар,  спектакльге арнайы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер теартының  бас директоры Сәбит Әбдіхалықов, М.Әуезов театрының көркемдік жетекшісі өнер қайраткері, драматург Еркін Жуасбеков, театр және кино әлемінің актері, режиссер Мұрат Ахманов қатысты.

Әсет Иманғалиев, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрының актері:

-Бүгінгі қойылымнан ерекше әсер алдым. Өте қатты ұнады. Бұрындары қойылымдар тек орыс және қазақ тілдерінде болып жүрсе, бүгін ежелгі Түрік мемлекетінің тілін қосып бір жаңашылдық пайда болғандай. Осындай қойылымды халыққа ұсынған ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз. Спектаклді тамашалуға келген Атырау халқының ықыласы мені қатты тәнті етті.

Бұл жаңа маусымдағы тұсауы кесілген алғашқы қойылым. Сондықтан театр залына келген үлкен-кішінің қарасы қалың болды. Ал қойылым аяқталғаннан кейін драманың авторы «Түрксой» ұйымының Қазақстандағы өкілі Мәлік Отарбаев ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, арнайы Түрік елінен әкелген сыйлықтарын табыс етті. 

Нығметова Арайлым, көрермен

-Осындай тарихи философиялық қойлымның Атырау сахнасында кең ауқымда қойылып отырғаны қуантады. Мен бұл спектакльден ерекше әсер алдым. Жүрегім әлі де, толқыныс үстінде. Тіпті, кей жерлерінде жылап та жібердім. Осындай дүниені жан-тәнімен сезініп ойнаған актерлерге алғысым шексіз. Бастысы сендіре білді.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.