Какой сегодня день

17 октября

Марина Аманжолова: Өміріме әсер еткен 10 кітап

Марина Аманжолова - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 1 курс студенті. Кітапқа жаны құмар бойжеткеннің айтуынша, әр адам бала күнінде өз ата-анасын үлгі тұтаны секілді кітапқа да дәл солай қарап бой түзеуі тиіс деп санайды.

 

«Менің ата-анам кітапты көп оқитын. Сол себепті, үйде кітаптың неше түрі бар. Анам маған үнемі ертегі, әдеби кітаптарды оқуға кеңес беріп отырса, әкем мен қалаған кітаптарды сатып алып береді. Сол уақыттан бері кітап менің ажырамас серігіме айналды»,-дейді.

Бүгінде Марина  үлкендердің «жастар кітап оқымайды» деген стереоптиті сөздеріне қарсы шығып, оны дәледеу мақсатында өзінің жеке «Readinq Club» атты жас оқырмандар тобын құрған. Бұл клубтың мақсаты - жастар өздері оқыған кітаптары бойынша алған әсерлерімен бөлісіп, жаңа сөздік қорына, тың идеяларға ие болып, кітап оқуға деген құштарлықтарын арттыра түсу. Айта кетерлігі, бүгінде Маринаның жеке кітап сөресінде 150-ге жуық кітап  бар. Ендеше, Маринаның оқуға кеңес беретін 10 кітабын назарларыңызға ұсынамыз.

                                                 

1. Шерхан Мұртаза “Қызыл жебе”

«Қызыл жебе» кітабында Т.Рысқұлбековтың өмірі туралы баяндалған 5 томдық роман. Шығармада әр кейіпкердің терең психологиясы тамаша суреттелген. Алғашқы бөлімі Тұрардың әкесі Рысқұлға арналса, екінші бөлімінде Тұрардың бейнесі туралы жазылған.  Оның өсуі, азамат болып жетілуі, қайраткерге айналу жолдары берілген. Әсіресе, Тұрардың әкесі Рысқұлдың «Менің жүрегімде түк бар. Бірақ сол түкке қырау тұрып қалған. Пендеге пенде болып жүргенімде ол қырау емдейді» деген сөз ерекше әсер етті. Бұл Рысқұлдың қылмыскер ретінде вице-губернатордың алдында қасқайып отырып жауап берге сөзі болатын. Шерхан Мұртазаның осы романын оқығаннан кейін мен оны рухани ұстаз ретінде қабылдадым. Сондай-ақ, «Қызыл жебе» романы маған патриоттық сезімімнің оянуына себепші болды.                                                    

2. Шерхан Мұртаза “Ай мен Айша”

«Ай мен Айша» Шерханның анасына арнаған ескерткіш ретінде салған кітабы. Зұлмат заманның 1930 жылдарында Шерханның әкесі репрессияның құрбаны болған. Сол кезде Айша нағыз қазақ қызының прототипі болды десе де болады. Айша сол замандағы репресияның қаһарына шыдап, балаларын жалғыз өзі өсіреді. Жалпы, бұл шығармада қазақ қызының қайсарлығын өмірде болған оқиғамен теңестіріп жазғандығы үнады.болды. Кітаптан сіз өзіңізге керекті афоризмдерді көпшілігін кездестіре аласыз. 

3. Шыңғыс Айтматов  “Жамила”

Бұл шығармада автор сол кездегі қырғыз әйелінің бақыты туралы жазған.  Мұнда Жамила өз бақыты үшін күрескен, ер мінезділігімен өршіл рухтылығымен бейнеленеді. «Жамила» шығармасын оқығанда бақыты үшін күрескен қыздың қайсар мінезіне таңдандым.Қыз баласы болғаннан кейін осындай болашаққа мотивация беретін шығармалдарды оқығанды жөн көремін.

4. Қасым Тәукенов “Азулы арлан”

Өзім қасқырларды ерекше жақсы көремін. Себебі, қасқыр - аса сақ хайуандардың бірі. Сондықтан, бұл шығарманы қызығып оқыдым. Мұнда көбіне аңшының аң аулауы туралы айтылған. Осы шығарма арқылы мен қайсар қасқырдың рухын бойыма дарыта алдым десе де болады.           

5. Әзілхан Нұршайықов “Махаббат қызық мол жылдар”

Бұл кітапты барлығы біледі деп ойлаймын. Сол заманда осы туындыны жастар тығылып оқыған. Ауылдың мымырт тіршілігі жан-жақты қамтылып жазылған. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндалады. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да баяндалады. Шығарма маған адал махаббаттың бар екеніне сендіре білді.  Әрі осы шығарманы оқу барысында достықты бағалауды үйрендім.

                                                                                       

6. Іляс Есенберлин “Ғашықтар”

«Ғашықтар»- өте қарапыйым кітап. Оқуға да өте жеңіл. Онда 1960-1970 жылдардағы жастар бейнеленген. «Шын ғашық жан ешқашан жамандыққа бармайды» деген ниетте жазылған шығарма маған ерекше әсер қалдырды. Бұл кітапты оқыған адамның жаны жасарып, өмірге деген көз қарасы басқа бағытқа қарай өзгереді деп ойлаймын. 

7. Оскар Уайльд  Портрет Дориана Грея

Мен көпшілікке Оскар Уайльдті оқуға кеңес берер едім. Себебі, философиялық ойлар осы Оскардың шығармаларында жатыр. Ал мен ұсынғалы отырған «Дориана Грея» шығармасында  жан дүние мен тән сұлулығының маңызды екендігі туралы айтылады. Туындыда Лондондағы аристократиялық өмір бейнеленген. Менің бұл шығармадан: «Адамның бет әлпеті уақыт өте келе қартаяды. Жастық кетеді. Ал жан дүние байлығы әрдайым бірге болады» деген ой түйдім.

                                                                                       

8. Сайын Мұратбеков “Жабайы алма”

Әңгіме соғыс жылдарындағы оқиғалар, балалық шақ пен үлкендердің тұрмыс-тіршілігінің қандай екендігі бейнеленген. Бүгінгі кезең шындығымен астарласып көрсетілген туынды сол замандағы мәселені қазіргімен салыстырғанда түкке тұрғысыз екенін түсінесің. Қазіргі қанағатсыз кейбір жастарымызға осы шығарманы оқуға кеңес беремін.

9. Рэй Брэдбери “Фаренгейт бойынша 451 градус”

Кітапта ешқандай нотация жоқ. Дегенмен, шығармада бүгінгі күннің ішкі суреті шебер бейнеленген. Ғасырлар бойы кезіп жүрген туынды ғылыми-фантастикалық негізде жазылған. Осы шығармадан кейін кітапқа деген қызығушылығым одан әрі артты.  Себебі, Рэй Брэдбери «Кітапты өртегеннен де ауыр қылмыс  оны ақымау». Сондай-ақ, онда кітапты оқып қана қоймай, көкірегіңізге түйіп, тұшынған игі дүниелерді іс жүзінде жүзеге асыр деген үндеу жатыр.

                                                                                         

10. Пауло Коэльо “Алхимик”

Сюжеті өте қызықты шығарма. Ішінде түрлі оқиғалар көп бейнеленген. Мені одан әрі жігерлендіре түсіп, сенім деген дүниенің үлкен күш екенін ұғындырды. Мотивация беріп, арманның орындалатынына сендіреді.

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.