Бүгін қандай күн?

20 қараша

Өміріме әсер еткен 10 кітап

Кітап – адамның ішкі дүниесін рухани байытатын құрал. Оны оқу арқылы кез-келген адам жан дүниесін дамыта алады. Кітапқа қызығушылық әр түрлі жағдайда туады. Мысалы, біздің «өміріме әсер еткен 10 кітап» айдарының келесі кейіпкері үйіндегі атасының жинаған кітапхананың арқасында кітапқа қызығушылығы пайда болған.

Дәулетова Жанар – 7 жасынан бастап кітап оқып, өзін жетілдіруге тырысқан. Қазіргі таңда ол «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының еріктісі әрі «Кәсіпкерлік дағдыларды дамыту» жобасының мүшесі. Сондай-ақ, философиялық, классикалық және фантастика жанрындағы кітаптарды жиі оқиды. Ендеше, Жанардың оқуға кеңес беретін он кітабын назарларыңызға ұсынамыз. 

     

Брайн Трейси, «Выйди из зоны комфорта»

Бұл кітапты оқыған кезде менде шабыт пайда болды. Кітапта өмірде мақсатқа жету үшін көп еңбектену керектігі жөнінде айтылады. Әр күнді жоспар құрудың маңыздылығы туралы да білдім. Осы кітаптың арқасында мен күнде ойша жоспар құрып қоямын. Ал бір айдың жоспарын алдын- ала қойын дәптерімде жазулы тұрады. Арманға сенетін, мақсатқа жете білетін жандарға осы кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін.

Дэвид Митчелла,  «Облачный атлас»

Британдық жазушы Дэвид Митчеллдің бұл романы 2004 жылы жарық көрген. Ол шығарманы ақыр заман мен болашақты әдемі теңестіріп жазған. Шығарма алты оқиғадан тұрады. Оқиға бірінен кейін бірі жүріп отырады. Екі әлемді салыстырып жазғаннан кейін болашақ пен ақыр заман туралы түсінбей қалуыңыз мүмкін. Алайда, бұл шығармада адамдардың бір-біріне қамқорлығы, бауырмалдылығы көптеп көрсетіледі. Логикалық тұрғыда жазылған шығарма шытырман оқиғаға толы. 

Әзілхан Нұршайықов, «Ақиқат пен аңыз»

Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасы суреттеледі. Жазушының сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезеңі, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілерді баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өрбиді.

       

Джоан Роулинг, «Гарри Поттер»

Мен фантастикалық жанрды ұнатамын. Автор Джоан Роулинг бұл шығарманы күйзелісте жүрген кезінде жазады. Осы арқылы көптеген құбылысты бейнелеп көрсетеді. Алғаш осы шығарманы жазып бітірген кезде оны ешқандай баспа қабылдамаған. Кішкентай бір орталық осы шығарманы қабылдап азғантай бөлігін шығаруға келісім береді. Кітап жарық көргеннен кейін қойылған дүкендерді сатылымы жағынан бірінші орынға ие болғаннан кейін, кітап әрі шыға бастайды. Алғашында мойындалмай кейіннен үлкен туындыға айналған бұл шығарма мені қиял әлеміне алып кетті деуге болады.

Пауло Коэльо, «Заир»

«Заир» − жазушы Пауло Коэльодың 2005 жылғы романы. Басты кейіпкердің  жұбайы кенеттен ес түссіз жоғалып кетеді. Ол барлық жағдайда әйелін іздестіреді. Ол оны ұзақ іздейді. Әйеліне деген махаббаты оны сүйіктісіне әкеледі. Кітап ешқашан, қандай уақытта да жақсылықтан күдер үзбей, махаббатқа сенуге жетелейді.

                        

Агата Кристи, «Өмірбаяны»

Өмірде көп қиындық көріп, оның мәнін түсетін жандардың өмірбаянын оқу мен мотивация деп айтсам да болады. Ол жастайынан проза жақын болып өседі. Шығармаларының көп бөлігі детектив жанры бойынша жазылады. Кристидің детектив жанры бойынша 60-қа жуық романынан бөлек, 6 психологиялық романы және 19 әңгімелер жинағы бар. Соғыс жылдары медбике болып жұмыс атқарған оның шығармалары 100-ге жуық тілде аударылған. Үйінің кенжесі болса да, ата-анасы көп көңіл бөлмеген. Кітап сүйер барлық жанға осы Агата Кристидің өмірбаянын оқуға кеңес беремін. 

Бейімбет Майлин, «Шұғаның белгісі»

«Шұғаның белгісі» − қазақ прозазындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Бұл шығармада автор әйел теңдігі, салт-дәстүрдің әсерінен өз өмірлерінде қиған жастар туралы жазған. Сол себепті, бұл шығарма маған қатты ұнады. Мұнда кейіпкер образдары бітіндеп, оқиға желісі бойынша басынан өткен істердің арқасында көрініп отырады. Махаббатқа деген адалдылық, ақылдылық, сезімнің нәзік тұстары қазақ жастарына тән әдеп пен иба әдемі суреттеледі. 

Джессика Уотсон, «Сила мечты»

12 жасында Джессика ата-анасына бүкіл дүниежүзілік сапар жасайтыны туралы айтады. 14 жасында ол мейрамхананың ыдыстарын жуып, ақшаға табуды үйренеді. Ол 16 жасында дөңгелек әлемді жалғыз өзі аралап, саяхат жасайды. Тіпті, алдындағы кедергілерден де сүрінбей өтеді. 16 жастағы қыз үлкен теңізді бағындырады. Ал «біз не бітіріп жүрміз?» деген ой да келеді. Бұл кітапта Джесика осы саяхатта тап болған кедергілері мен мақсатқа қалай жеткені жөнінде баяндайды. Яғни, теңіз күнделігі десе де болады. Шығарма маған көп нәрсені үйретіп, мотивация берді.

Льюис Кэрролл, «Алиса в Стране чудес»

Айтқанымдай, мен қиял ғажайып фантастикалық кітаптарды оқығанды жақсы көремін. Бұл шығарма кішкендай балаларға арналмаған. Басты кейіпкер Алиса өз өмірінде бір үлкен кедергіге тап болып шешімін таба алмай жүреді. Кенеттен ол ертегі әлеміне түсіп кетіп, жануарлармен танысып, тілдесе бастайды. Ертегілер әлемінде ол залымдармен шайқасып, оларды жеңеді. Осылай күресе жүріп, өз өміріндегі сәтсіздіктің де шешімін табады. Яғни, кітаптың басты кейіпкері екі жолдың бірін таңдап дұрыс шешім қабылдай білу керек. Ақырында, ол шешімін табады.

Эрих Мария Ремарк, "Скажи мне, что ты меня любишь...".

Махаббат жанрындағы бұл шығарма басқа кітаптарға қарағанда жеңіл. Автор  Мария Ремарк шығарманы немециялық әртіс Марлен Дитрихқа арнаған хат түрінде жазған. Алайда, Марленнің Ремаркқа жазылған хаттарын автордың жұбайы қызғаныштан өртеп жібереді. Десе де, Ремарктың хаты сақталып қалады. Ақырында, бір беті ұрлаған хат үлкен романға айналады.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.