Бүгін қандай күн?

20 қараша

Өміріме әсер еткен 10 кітап

Біздің келесі кейіпкеріміз Маратова Әнел − Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің  3 курс студенті. Әнелдің ата-анасы сыйға тартқан бір ертегі кітабынан пайда болған кітапқа деген қызығушылығы оны осы уақытқа дейін кітапханаларға жетелеп келеді.

Мен бала кезімнен ойыннан көрі кітап оқып бос уақытымды кітапханада өткізгенді жөн көретінмін. Айналамнан өзім секілді кітап оқитын жандарды іздеп, олармен пікір алмасқанды ұнатамын. Бастауыш сынып оқып жүргенімде Мұхтар Әуезов, Тахауи Ахтанов секілді атақты жазушылардың әңгімелерін оқып оларды өзіме үлгі еттім. Кейіннен сол кісілердің әңімелерін жаныма жақын тартқандығым ба, менде әңгіме жазып бастадым. Атам қолына кітап ұстаған жан болған. Мендегі кітапқа деген құлшыныс осы кісілерден дарыса керек. Мектеп кезінен бергі оқыған кітаптарымды санайтын болсақ 150-ден асады. Тек қазақ тілінде ғана емес орыс, ағылшын тіліндегі кітаптарды да оқығанды жөн көремін. Бақытжан Бұқарбай өзінің "Күміс кітабында": «адам кітап оқыған кезде бірден үш түрін қатар оқу керек, яғни, классикалық,  философиялық және мотивациялық бағытта», -  дейді.

"Кітапқа деген сүйіспеншілік мені шығармашылық ортаға әкеп тіреді",− дейді жас бойжеткен. Ендеше, Әнелдің  оқуға кеңес беретін 10 кітабын қойын дәптеріңізге түртіп алғаныңыз жөн болар.

                                                                                                          

1. Мұхтар Әуезов" Өскен өркен"

М.Әуезов өзінің әйгілі эпопеясы "Абай" жолын аяқтап, халық назарына ұсынғаннан кейін жаңа белеске ұмтыла бастады. Ол өзі өмір сүрген заман тақырыбына жаңа шығарма жазуды көздейді. М.Әуезов әдебиетте ең көп әйелдер галлериясын жасаған жазушы болып табылады. Оның жазған әр құрмаласы бұрқанып жатқан боран секілді. Осындай әдемі туындылардың бірі "Өскен өркен". Бұл "Өскен өркен" Мұхтар Әуезовтың аяқталмай қалған романы. Ол бұл оқиғамен сол кездегі қазақ өмірінің дамуына, өрлеуіне ат салысу керек деген қағиданы алға тартып отырды. Ондағы басты кейіпкер Айсұлу трагедиясы көркем бейнеленген. Қалың мал, қыз алып қашу тәрізді сұмдық оқиғалардың әлі де болса кездесіп қалатыны жасырын емес. Автор осындай жайларды роман желісіне енгізе отырып, сол жайында ашына, ызалана жазған. Сондай-ақ, романда Оңтүстік Қазақстан өмірі, тарихы, мәдениеті және дәстүрі айқын суреттелген.

                                                                                                                                  

2. Агата Кристи "Десят Негритят"

Агата Кристи проза жазушыларының ішіндегі ең танымалы. "Десят негритят"  оқиғасының маған ұнағаны − шытырмандары бір-біріне мүлде ұқсамайтындығы. Кітапты оқыған кезде оқиғаны түсіну қиын көрінеді. Себебі, оқиға бір-біріне шиеленіспейді. Соңғы жағына келгенде ғана мазмұнын түсіне бастадым. Мұнда қорқынышты оқиға бейнеленген. Өйткені, Агата Кристи соғыс жылдарында ауруханада қызмет еткеннен кейін өлімдерді көп көрген. Соған байланысты өзінің шығармаларына  осындай шытырман оқиғаларды көп қосса керек.

 

3. Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"

"1937-жыл жалмауыз жыл еді." Мен бұл кітапты дәл осы сөзі үшін оқыған едім... Мүмкін, жаппай қуғын-сүргіннің жай-күйімен ату жазасы дегенді тереңірек ұғынғым келді ме екен?! Қазақ руханиятындағы "Шерханның шекпені" денемді түршіктірген бір ғана "жалмауызбен" өзіне елітіп әкетті. Кейін шығармаларынан  бөлек публицистикасымен де тереңірек таныса бастадым... Ол басқа әңгіме. Әзірге 1937 туралы айтайын...

Жәрмеңкеге барып, үй-күйді ұмытып кететін мамыражай балалық , "Мені неге тастап кетесің?" деп жұдырықпен түйгіштеген әкесіне деген долылық, риясыз күлкі де Барсханның (Шерхан) ұйқысын бұзған қаhарлы  37-нің қысқы түніне дейін ғана созылады. Әкесі бардағы "Бөгенбай жырын" тыңдайтын берекелі шаңырақпен, қос бұрымынан жұпар аңқитын  қаталдау болмысты ананың бақытты сәттері аз ғана... 

Аштық пен шарасыздық, сатқындық пен сабырлылық, жалбақайлық пен төзімділік анық көрсетілген  шығарма  шүкірлікке үйретіп, сонау сұрапыл соғыстың құшағына еніп, майданның барлық ауыртпалығына төзіп, жеті ата күші мен қан тазалығын, қазақ халқының салт-дәстүрін  дәріптеп, ырым-тыйымдарын сақтап, абыройын биік қойған ана образы бүгінгі қазақ қыздары мен әйелдеріне үлгі бола алды. Жас адамның тағдыры көбіне қолдаушысына байланысты деуші еді. Мүмкін, жоқшылық жаныған, таршылық қайраған асау мінезді Шерханның жұлдызының жануы осы Айшаға байланысты ма деп қаламын...

4. Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін"

Бұл оқиғада батыс өңірі Ақтөбе облысында болған оқиға бейнеленген. Бұл Тахауи Ахтановтың кең тынысты үлкен шығармасы. Бейнелі сөздер, орынды қолданылған мақал-мәтелдер жиі ұшырайды. Жеңіл, жақсы оқылады. Оқырманның көңіліне қанат бітіреді. Тұсамайды. Қазақтың 1941-1945  жылдардағы соғыс жылдарындағы әйелдердің өмірі бейнеленген. Шығармада әйелді ең мықты адам ретінде көрсетеді. Бұл романның қай топырақ, қай халық болмасын осындай ірі туынды оқырманының көңілінен шығары даусыз.                                                                                                                            

5. Бақытжан Бұқарбай "Күміс кітап"

Бұл кітапты Бақытжан Бұқарбай он алты күнде жазып бітірген. "Күміс кітап" адамға қазіргі таңда әлеуметтік желі техника дамыған заманда кітап оқуға кеңес беретін мотивациялық кітап. Себебі, оны оқыған адамның кітапқа деген махаббаты оянады. Мысалы: халықтық медицинада күмісті тазартушы құрал ретінде қолданылады. "Күміс кітапта" сол секілді халықты ғаламтордан құтқарады. Бұл кітапта жастардың 80%-ы кітап оқымайды деген дерекпен танысуға болады.  Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған бірден бір кітап деп осы "Күміс кітапты" айтуға болады.

                                                                                                                           

6. Сара Джио "Фиалки в марте"

Сара әлемдегі  ең мықты журналисттердің қатарында. Әйел психологиясын суреттеп, оның жанын оқырманға жазып жеткізетіндігі маған қатты ұнайды. Ал, "Филаки в марте"  махаббаттың ерте немес кеш еместігін дәлелдеген бірден-бір шығарма болып табылады. Нәзік жандыларға оқуға кеңес беретін кітаптардың бірі.

7. Джек Лондон "Мартин идэн"

Жалпы, адам баласы оқу керек 100 кітаптың ішіндегі классикалық үлгінің ең озық түрі болып саналады. Бұл шығармада өз айтқанынан қайтпайтын қайсар теңізші болады. Басты кейіпкер сүйген адамына қол жеткізу үшін бәріне даяр болады. Ол өзінің қайтпас қайсарлығының арқасында өз мақсатына жетеді. Осындай мықты адамды бейнелеген автордың бұл шығармасы менің жадымда ұзақ уақыт сақталып қалды. Осы бір шығарманы ерекше ықыласпен оқыған себебім классикаға жақындығым шығар.

                                                                                                                      

8. Орхан Памук "Сезім Музейі"

Орхан Памук Түрік жазушыларының ішіндегі ең мықтысы болып табылады. "Сезім музейі" махаббаттың сыры мен мұңы туралы жазылған үздік романдардың бірі. Мұнда 20 ғасырдың екінші жартысындағы Стамбулдық жігіттің махаббаты туралы айтылады. Шығармада махаббаттың азабы, қиыншылығы, сүйініші мен күйініші айна қатесіз суреттелген. Сонымен қоса, махаббаттың адамның тіліне, дініне, нәсіліне қарамайтындығы туралы жазылған. Орхан Памуктің шығармаларында мүлде жаман кейіпкер болмайды. Барлық кейіпкерлерін Памук өзінше суреттеп өзінше жақсы көреді. Осындай махаббаттың құдіретін ерекше стильмен түсіндірген бұл шығарма маған қатты ұнады.

9. Эльчин Сафарли "Расскажи мне о море"

Эльчин Сафарли қазіргі заман прозашылар арасындағы мықты жазушылардың бірі. Ол көбіне Стамбул қаласының өмірі туралы жазады.  Дәл осы "Расскажи мне о море" шығармасын да ол өзіндік ойларын, өмірден көргенін  саралау арқылы естеліктерімен оқырманға жеткізіп отырды. Әрбір сөзі нақты, сен ойлаған нәрселерді жеткізе алатындықтан болар мені өзіне ерітіп әкетті. Мұндағы оқиға сюжеті екі жастың махаббаты  туралы. Адамдарға қатігездіктің, достықтың, мейірбандықтың не екенін түсіндіреді.

                                                                                                               

10. Робин Шарма "Кто заплачет когда ты умрешь"

Бұл шығарманың тақырыбы қорқынышты көріну мүмкін. Алайда, оқып көрсеңіз өте сәтті қойылған атау екенін түсінуге болады. Өзінің бұл туындысында Робин адамдарға 101 кеңесін айтады. Ол осы кеңес арқылы оларға мотивация беріп көптеген проблемалардан құтылудың жолын айтады. Робин Шарманы қазіргі таңдағы жастардың мотиваторы деп айтса да болады. Сондықтан, дәл осы шығарманы оқуға барлық оқырмандарға кеңес беремін. Автордың бақытты әрі табысты болуға берген мына бір кеңестері ерекше есімде қалыпты.

−Таңертең ерте тұру

−Тек шындықты айту

−Әр күні жақсылық жасау

−Істегің келетін жұмысты емес, жасауға тиіс жұмысты жасау

−Әр күніңді көңілді бастау

−Жақсылық ойлау

−Болжап емес нақты сөйлеу

−Ағаш отырғызу

−Жиі суретке түсу (осы кеңес маған арналған секілді)

−Негативті ойлардан аулақ болу т.б


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.