Какой сегодня день

25 июня
  
25 июня
     День моярка

Ромео - менің алғашқы рөлім (Бір сен үшін тудым)

Жыл сайын театр маусымы басталған мезгілде әртістеріміз әр елді аралап, гастрольдік сапар жасайды. Осыған орай, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театры да өзінің кезекті іс сапарын Атырау өңірінен бастады. Ал кеше бұл театр ұжымы «Бір сен үшін тудым» атты алғашқы қойылымдарын көрсеткен болатын.

Спектакльді тамашалауға Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев арнайы келіп, қонақтарға жылы лебізін жеткізді:

«Театр - өнердің ең үлкен құдіреттісі екендігіне дау жоқ. Біздің бүгінгі Атырау жеріне келген театр ұжымының құрылғанына 70 жылдан астам уақыт өткен. Алты күнге созылған сапарда театр Атырау тұрғындарына әсерлі қойылымдарын көрсетпек. Бұл ұжым сіздерге керемет көңіл-күй сыйлайды деп ойлаймын»,-деді.

Бұдан бөлек, театр ұжымымен бірге ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденова, Әсет Иманғали, Сакен Рақышев, Нұрхан Қадырбаев, театр директоры Сәбит Әбдіхалықов, театрдың көркемдік жетекшісі Еркін Жұғыспек қатысты.

Бір сен үшін тудым...

Бұл туынды У.Шекспирдің Ромео мен Джульетта трагедиясының үзіндісі. Қойылымның режиссері Жұлдызбек Жұманбай мен суретшісі Нұржан Сәменов.

Әбіш Кекілбаевтың аудармасы желісімен қойылған трагедияда мәңгілік махаббаттың символына айналған Ромео мен Джульеттаның өмірі көркем суреттеледі. Монтекки мен Капулетти атты екі үлкен әулеттің араздасуының түбі екі жұпқа кері әсерін береді. Бұл жанжалдың соңында қан төгіліп, ақыры өліммен аяқталады. Ғашықтықтың құрбаны болған қыз бен жігіт у ішуге дейін барып, бір-біріне деген махаббаттарын дәлелдейді. Ромео мен  Дужльеттаның өлімі екі әулетке де ауыр соққы болып тиеді. Қойылымның музыкасы, сахналық киімі, әзілдің әдемі тұстасуы мен әртістердің шеберліктері жақсы жеткізілген.

5 ғасырлық трагедия

Қазақ балалар мен жасөспірімдер театры 1946 жылы А.Толстойдың «Алтын кілт» пьесасы бойынша қазақ тілінде тұңғыш рет спекталь қойып, ресми түрде тұсауы кесілген. Бүгінде бұл театр ұжымында 200-ден астам адам қызмет етеді. Оның ішінде, 70-ке жуығы әртістер екен. Ал Атырау жеріне гастрольдік сапармен келгеніне 10 жылдан астам уақыт өткен.

«Ромео - Джульетта У.Шекспирдің мәңгілік шығармасы. Себебі, бұнда адал махаббат туралы баяндалады. Мінекей, 5 ғасырға жуық өткен трагедияны ең мықты деген театр ұжымы міндетті түрде сахналайды. Ал біздің репертуарымызда жүріп жатырғанына 3 жылдан асты. Бұл шығарма біздің қазақ халқы да жақын. Өйткені, Қозы көрпеш-Баян сұлу, Еңлік-Кебек,  Қыз Жібек пен Төлегенде де бұндай махаббат орын алды. Өз сүйгені мен ғашығы үшін жанын беру деген ата-бабамыздың басынан өткен. Шын мәнінде, қойылымның мақсаты классикалық дүниелерді сахналау арқылы махаббаттың бар екен жырлау болды. Бұл спекталь барлық көрерменге ұнады деген ойдамын. Өйткені, ол көрермендердің соққан ыстық ықыласы мен пейілінен-ақ көрініп тұрды. Енді, театр ұжымы Құлсары қаласы мен Батыс өңірлерін аралайды»,-деді театрдың көркемдік жетекшісі Еркін Жұғысбек.

Ромео - менің алғашқы рөлім

Әйгілі Ромеоның рөлін сомдаған Қуаныш Керімқұлов Қазақ ұлттық өнер академиясының актер шеберлігі маманыдығы бойынша білім алып, 2013 жылы театрға жұмысқа қабылданған. Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында 4 жылдан астам қызмет етіп келетін жас актердың бұл алғашқы рөлі екен.

-Актер шеберлігі – өмір бойы зерттеліп өтетін мамандық. Оның белгілі бір шегі жоқ деп ойлаймын. Себебі, мен өзге сахна болғандықтан өз рөлімді орташа деңгейде сомдап, сахнада аздап қобалжыдым. Біз бұл қойылымға 3-4 ай дайындалдық.

Қайырова Хамзиба, көрермен:

Театр өнері көрерменнің өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, рухани жетілуіне көп көмегін тигізеді. Көптеген ойын-сауық алаңдарынан театр қойылымдары мың есе артық. Сол себепті, мен театрға жиі келемін. Ал бүгінгі қойылып отырған «Бір сен үшін тудым» қойылымнан ерекше әсер алдым. Әртістер өз рөлдерін керемет сомдап шықты.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.