Бүгін қандай күн?

20 қараша

Табысты кәсіпкерлер кітап оқуға уақытты қайдан табады?

Әлемдегі ең бай кәсіпкерлер көп нәрсені оқу арқылы табысқа жетеді екен. Бірі өмірін тіпті, кітапсыз да елестете алмайды. Ендеше, табысты кәсіпкерлер кітапты қаншалықты жиі оқиды? Олардың үлгісінен сіз де шабыт алыңыз.

Уоррен Баффет

(әлемдегі ең ірі кәсіпкер және ең танымал инвесторлардың бірі)

Баффет бір кездері «табысқа жетудің кілті не?» деген сұраққа: «күн сайын 500 бет кітап оқыңыз. Білім осылай ақырындап жинақтала бастайды. Мұны әркім жасай алады. Бірақ, ешкім орындамайды» деп жауап берген екен.

Баффет өзі күніне 600-ден 1000-ға дейінгі бет тұратын кітапты бітіреді. Қазір ол уақытының 80% уақытын оқуға арнайды. Ол мұны қалай істейді? Әрине, оқу оның өмірі үшін өте маңызды.

Марк Кьюбан

(кәсіпкер, HDNet компаниясының басшысы)

Кьюбан шамамен күнінен 3 сағат оқиды. Оның айтуынша, бала болған кезде ол қолына түскен әрбір кітат пен журналды оқи берген. Себебі, ол оқу арқылы табысқа жетемін деп есептеген.

 «Менің ойымша, уақытымның көбін қолжетімді ақпаратқа жұмсаймын. Сонда ғана кәсібімде артықшылықтарға қол жеткіземін»,-дейді Куба.

Билл Гейтс

(кәсіпкер және қоғам қайраткері, Microsoft-тың құрушысы)

Билл Гейтс жылына 50 кітап оқиды. Ол көптеген саяхатшылармен және қызықты адамдармен кездесетініне қарамастан, оқуда жаңа нәрсені үйреніп және өз көзқарасын кеңейтудің басты жолы деп есептейді. Сапарға шыққанда Билл Гейтс үнемі кітабын бірге алып жүреді.

Илон Маск

(кәсіпкер, өнертапқыш және инвестор)

Ракеталардың бағасы өте жоғары болғандықтан, оны басқаша қалай жүзеге асырудың жолын ойлап тапқан Илон Макс көп кітап оқиды. Белгілі бір мақсатқа, білімге ұмтылды. Әрқашан қалаған нәрсесін білмейінше тоқтамайды.

Тони Роббинс

(жазушы, кәсіпкер, бапкер)

Роббинстің өмірі қиын болды. Анасы арақтап зардап шекті. Кітап оқу арқылы ол өз өмірін сақтап, жетістікке жете білді.

«Мен жылдам оқу курсынан өтіп, жеті жыл бойы менің өмірімді өзгерте алатын 700 кітап оқыдым», - дейді Роббинс.

 

Кітапты қалай тез оқуға болады?

1. Кітапханаға барыңыз

Бұл мыңдаған кітаптарға қол жеткізудің қымбат емес тәсілі.

2. Таймерді пайдалаңыз.

30 минут немесе 3 сағат болса да, таймер қосу арқылы қаншалықты көп оқығаныңызды біле аласыз.

3. Әрқашан кітапты қолмен ұстаңыз

Жолда әуеннің орнына, аудиокітаптарды тыңдаңыз. Сондай-ақ, уақытты күтіп тұрмаңыз. Әрдайым қағаз немесе электронды кітапты алып жүріңіз.

4. Ұйықтар алдында кітап оқу

Жүргізілген зерттеуге сәйкес, біз төсекке бармас бұрын, ми қосымша ақпаратты қажет етеді екен. Оқудан бөлек, тез ұйықтап кетуімізге де көмектеседі. Егер сіз бір мезгілде әр түнді оқып жатсаңыз, оқу тез әдетке айналады.

5. Кемінде үш тарауды оқыңыз

Күнінен кем дегенде үш тараудан оқып тұрыңыз. Бірақ, оны сіз ұнатпайтын болсаңыз, әрі қарай жалғастырып оқи беріңіз. Сізге ешқандай пайдасы немесе рахат әкелмейтін нәрсеге уақыт жұмсаудың ешқандай мәні жоқ.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.