Бүгін қандай күн?

19 қараша

Үздік дорамалар топтамасы

Бүгінде корей фильмдерінің ішінде дорамалар жастар арасында сұранысқа ие. Алғаш Қазақстанда «Ва Банк», «Ыстық Ұя» секілді сериалдармен танымал болған Корей елінің шытырман фильмдері кімді болса да, қызықтырмай қоймайтыны анық. Әсіресе, жасөспірімдер үшін  дорама қарау құдды хобби тәрізді. Сондықтан, дорама сүйетін жандарға арнап, бүгінгі күннің сәніне айналған 10 дорамалар топтамасын ұсынатын боламыз.

«Пока ты спишь»

Бұл 2017 жылдың ең танымал сериалы. Басты кейіпкер Нам Хон Жу ерекше қасиетке ие. Ол түсінде өмірде орындалатын оқиғаларды көреді. Басты рөлдегі Джэ Чхан атты кейіпкердің де басынан дәл осындай оқиғалар суреттеледі. Екі кейіпкерде түстерінде әкелерінің қаза болғанын көреді. Осындай қайғылы оқиға кезінде танысқан екі кейіпкер бір-бірінен алшақтап кетіп, 13 жылдан кейін қайта кездеседі. Көрермендерді өзіне тәнті қылған сериалдың соңы қалай аяқталары әлі белгісіз.

«Силачка До Бон Сун»

Әдетте, қыз басы әлсіз болып келеді. Әсіресе, олардың бейнесі шығармалар мен сериалдар да нәзік бейнеленеді. Бірақ, бұл сериалдағы басты кейіпкер До Бон Сун үлкен күшке ие. Яғни, ол бір қолымен үлкен көлікті көтеруге әлі жетеді. Оған мұндай қасиет анасы арқылы дарыған.  Осындай рөлді сомдаған До Бон Сунға ғашық жігіт оны өзіне қорғаушы ретінде қызметке алады.  Олар көптеген қақтығыс оқиғаларын жеңе отырып, бір-біріне сезімдері ояна бастайды. Негізінен. бұл сериал комедия жанрында. Егер сериалды әлі көрмеген болсаңыз. онда міндетті түрде көруге кеңес береміз. Себебі, бір күндік көңіл күйіңіз бұл сериалдан кейін 100% ға өзгеруі мүмкін.

«Легенда о синем море»

Бүгінде дорама сүйер қауымның арасында бұл сериалды көрмеген жан жоқ шығар, сірә. Қиял ғажайып және шытырманға оқиғаға толы сериалда әлемде пайда болған сезім екінші өмірде де жалғасын тауып, басты кейіпкерлер қайта өмірге келеді. Махаббат деген күштің қадірін білген жандардың өмірде бірге болуы қиындау. Бірі қарапайым адам болса, екінші кәдімгі су перісі. Сериалдың басты ерекшелігі - екі өмірдің қайталануы. Сериалды көрген кез-келген адам шытырман оқиғалардың шынымен де өмірде орын алатынына сеніп қалары анық. 

«Потомки солнца»

«Потомки солнца» Корея еліндегі танымал сондай-ақ сұранысқа ие сериалдардың бірі. Басты кейіпкерлері әскери қызметкер және дәрігер қыз. Кейіпкер Ю Си Джин өз отанына адал қызмет ететін солдат. Ол  қызметі үшін жеке өмірінен бастартқан кездері де болады. Алайда, Ю Си Джин қызметте жүріп, дәрігер Кан Мо Ен мен кездескен кезде оның өмірі басқа арнаға өзгере бастайды. Шытырман оқиға суреттелетін сериалда әскери қызметкер мен дәрігердің сезімдері соғыс алаңында немесе қандай да бір қақтығыс кезеңдерінде пайда болады. Солдат рөлін сомдаған Сон Джурн Ги осы сериал үшін арнайы төрт жылға әскерге барып, қызмет етіп келген. Біле білсеңіз, бүгінде басты кейіпкерлер Сон Джун Ги мен Сон Хе Генің сериалдағы махаббаты шынайы өмірде де өз жалғасын тауып отбасын құрған.

«Лжец и его возлюбленная»

Сериалдың басты кейіпкері Кан Хан Гель өз әндеріне талантты әртістерді іздейтін танымал композитор. Ол музыканы жақсы көреді және көптеген танымал топтарға хит әндер жазады. Оның шығармашылығы көпшілікке таныс. Осылайша, көптеген таланттарды іздеп жүріп, әнші оқушы қызды жолықтырады.  Бойжеткенге арнап, бірнеше әндерді дүниеге әкеледі. Кез-келген жастағы адам көруге болатын сериал өз көрермендері үшін көптеген қызықты оқиғаларды тарту етеді.

«Меж двух миров»

Екі әлем арасындағы оқиға  шынайы өмір мен қиялдан пайда болған көріністі бейнелейді. Яғни, Кореяның белгілі жазушысы Кан Чхоль комикс оқиға жазып шығарады. Оның бұл оқиғасын көпшілік асыға күтіп оқитын болады. Алайда, ойдан құралған бұл оқиға шын мәнінде кітаптың арғы жағында өрбиді. Кітаптың басты кейіпкері автордың желісі бойынша өмір сүреді. Екі әлемде өмір сүретін кейіпкерлердің өмірі қиялдан туса керек.

«Школа Мурим»

Йон Ши Ву атты әнші мен компания директоры Чи Анның өмірі суреттелетін сериал. Екеуі кездейсоқ, «Мурим» мектебіне жолығып, төбелестің қыр сырын меңгереді. Мектепте қауіп төндірген қылмыскерді құрықтайды.  Сіз сериалдан екі ғашықтың махаббаты емес, достықтың құндылығын байқай аласыз.

«Рождение красавицы»

Басты кейіпкер Сара ауқатты отбасында дүниеге келген. Ол өзінің сыртқы келбетінің кесірінен көпшілікке ұнамайды. Себебі ол артық салмақты.  Десе де ол Хан Тхе Хи атты Кореяның сымбатты жігіттерінің біріне тұрмысқа шығады.  Ал, Хан Тхе Хидың мақсаты Сарамен отбасылы болу емес оның байлығы.   Ол сол үшін Сараны өлтіруге тырысып оны көлікпен құздан құлатпақшы болады. Уақыт өте Сараның отбасы оны өлдіге санап, Хан Тхе Хи басқа қызға үйленгенімен, Сара тірі қалады. Дәрігерге жолығып, өзіне пластикалық ота жасатады. Отадан кейін адам танымастай өзгерген Сара көптеген жігіттердің арманына айналады. Осылайша, ол Хан Тхе Ханнан өш алуды жоспарлайды. Оның қайсарлығы көптеген қыз-келіншектер қауымына үлкен сенім береді.

«Одержимые Мечтой»

Нағыз өнер сүйер жандарға арналған сериалдың кейіпкерлері мектеп оқушылары. Олар өнер мектебіне түсу үшін көптеген сынақтан өтеді. Кейіпкер Ко Хи Ми ол классикалық әнші. Алайда, әкесінің келеңсіз жағдайының кесірінен оған эстрада-вокал сабағын оқып, жоғары оқуға тегін түсу қажет болады. Бастапқыда ол ең төменгі топта болады. Кейіннен ол талантын көпшілікке мойындату үшін үлкен қадамдарға барады. Осындай аруды жақсы көрген Сам Дон Ко Хи Миге деген сезімінің арқасында  жоғары өнер мектебіне барып, өзінің музыкалық талантын ашады. Бұдан басқа көптеген қызықты кейіпкерлер мен оқиғалар бар. Егер сіз арманыңызға музыканы жақсы көрсеңіз, сериалды міндетті түрде көруге кеңес береміз.

«Наследники»

Басты кейіпкерді сомдайтын Ли Мин Хо және Пак Син Хе бай отбасылардың балалары. Бала кезінен бастап, олар фирмалар мен компаниялардың басшылығына ие болып, қалталы жандарға арналған белгілі оқу орынынан білім алады. Байдың балалары барлық есіктерді ашып, әлемде ештеңе мүмкін емес деп сенеді. Олар кез-келген мәселені ақша арқылы шешкенімен,  махаббаттың не екенін білмейді. Керісінше, мұрагерлер бизнес үшін пайдалы болатын адамдарға үйлену керек деп есептейді. Уақыт өте келе махаббаттың не екенін түсінген жас жігіттердің өмірі түбегейлі өзгере бастайды.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.