Бүгін қандай күн?

20 қараша

Үздік сериалдар топтамасы

Жаз айында бос уақытыңызда кино немесе сериал көретініңіз белгілі. Тек жаз маусымында ғана емес, жылдың төрт мезгілінде де уақытын сериал көрумен өткізетін жандар бар. Сериалды қандай жанрда көрген жөн және қай елдің сериалдары көруге тұрарлық? Біз сіздерге бүгін үздік сериалдар топтамасын ұсынамыз.

"Тақтар ойыны"

Бұл сериал 7 кезеңнен тұрады.  «Тақтар ойыны» көпшілікке 2011 жылы жол тартқан болатын. Сериалдың сюжеті ағайындар арасындағы таққа талас.  Америкалық жазушы Джордж Мартиннің шығармасы қалың көпшілікке драмалық әрі фантастикалық болып жол тартты. Сериалдың түсірілімі әр елде болған. Алғаш АҚШ елінде 1,6  млн қаралым болған екен. Сериалды түсіру барысында ұйымдастырушылар жанкүерлерімен ақылдасып келесі кезеңнің сюжетін бірге құрған.

"Шексіз махаббат" (Kara sevda)

Бұл сериалдың кейіпкерлері туралы әлеуметтік желілерде жарыса жазалап жатырғаны белгілі. Себебі, «Шексіз махаббат» сериалы көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Сюжеті - драма. Сериалда Кемаль және Нихан атты ғашықтардың махаббаты мен айналасындағы жандардың дұшпандығы бейнеленген. Егер сіз бұл сериалды көрмеген болсаңыз, тез арада бастағаныңыз жөн. 


"Легенда о синего моря"

Корей сериалдарын жақсы көретін жандар үшін «Легенда о синего моря» сериалы таптырмас мүмкіндік. Мұндағы кейіпкерлер бірнеше жылдан кейін қайтадан дүниеге келеді. Басты кейіпкерлер Корей елінің жұлдыздары Ли Мин Хо және Чо Джи Хен. Жанры:  драма, комедия, фантастика.  Бұл сериалды көрген адам шексіз махаббаттың куәгері бола алады. Өйткені, басты кейіпкерлердің махаббаты өзгеше. Бірі қарапайым адам, ал бірі мұхитта тіршілік ететін су перісі. Екі бөлек әлемде өмір сүретін екі ғашықтың махаббаты сізді таңқалдырмай қоймасы анық. 


"Мажор"

Режиссер Константин Статскийдің бұл жобасы тек Ресей елінде ғана емес, Қазақстан жерінде де кең танымал. Басты кейіпкер Игорь Соколовский ештеңінің байыбына бармайтын байдың баласы болып өседі. Ол өзінің тоқшылық өміріне үйреніп қалған. Алайда, бір күннің ішінде оның өмірі мүлде өзгеріп кетеді. Ресей сериалдары мен кинолары өте сапалы әрі мағыналы болары сөзсіз.

"Силачка До Бон сун"

Комедия жанрындағы жастарға көруге арналған «Силачка До Бон сун» сериалындағы басты рөлді сомдайтын кейіпкер үлкен күшке иесі атанады. Ал оған ғашық жігіт До Бон Сунды өзінің қорғаушысы ретінде жұмысқа алады. Осылайша, екеуінің бір-біріне сезімдері ояна бастайды.

"Диета из Санта- Клариты"

Америкалық комедия жанрында түсірілген сериал Виктор Фресконың туындысы. Сериал 2 кезеңнен 10 эпизодтан тұрады. Кинодағы басты кейіпкер Санта-Кларите кенеттен түсініксіз құбылысқа айналады. Яғни, адам кейіпіндегі зомби. Ол отбасына қауіп төндіріп алмас үшін қоғамға зиянын тигізіп жүретін адамдардың етін жеп қоректенеді. Ал, Сантаның отбасы болса, оны бұл құбылыстан шығарудың жолын іздейді.

"Легион"

Америкалық  Ное Холуидің бұл танымал туындысы 2017 жылы жарық көрген. Басты кейіпкер Дэвид Хэллер өз арманындағы махаббатын жолықтыруды армандайды. Алайда, оған дәрігерлер "шизофрения" диагноз қояды. Оны осы диагнозы арқылы «есі ауысқан» деп жындыханаға жатқызады. Дэвид бұл диагнозбен күресіп, бұрынғы өміріне оралуды ойлайды. Айта кетерлігі, режиссер Брайн Сингер бұл "Легион" сериалы әлемдік деңгейге шығатыны туралы сөз еткен.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.