ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Күннен қалай қорғанамыз?

Просмотров - 985
17.07.2018

Қыстың суық ызғарынан біз көбіне жаздың шуақты сәулесін іздейтініміз белгілі. Алайда жаз келе сала көлеңкені жағалайтынымыз да, жасырын емес. Әсіресе,  күн сәулесі бізге келеңсіз қиындықтар әкеліп жатады. Ол әрине дененің, бет терісінің қарайып, қабыршақтануы. Осы орайда, біз сіздерге күннен қалай қорғанып жүру керектігі туралы айтатын боламыз.

Көзді қорғау

Жаз мезгіліндегі сәулелер сіздің көзіңізге кері әсер етуі мүмкін. Мысалы: көру қабілетіне, көздің айналасында пайда болатын қыртыстар яғни әжімдер тудыруы мүмкін. Өзіңізді дәрігерге жеткізбес үшін арнай дүкендерден көзілдірік сатып алыңыз. Арнайы лупасы бар көзге арналған және күннен қорғайтын екі көзілдірік қоржыныңызда болуы қажет. Мұндай проблемаларды қарапайым (қара емес) пластикалық көзілдірік киген адамдардан да кездестіруге болады. Тіпті осындай пластик киген күннің өзінде ультрафиолет өтіп кетеді.  Сондықтан ашық күндері мейлінше көзілдірікті пайдаланған жөн.

Сәнді түрде қорғану

Күннен қорғану тәсілдеріне УК-сүзгілер кіретін түрлі косметикалық құралдарды тасымалдауға болады. Әдетте олар қорғаныш факторын көрсетеді. Өкінішке орай, олар ультракүлгін сәулелерден жартылай қорғайды. Сондықтан химиялық қоспалары бар косметикалардан күйік одан әрі күшеюі мүмкін. Сондықтан оларды шамадан тыс пайдаланбаған жөн.

Алайда, жағажайға барар болсаңыз арнайы дүкендерде сатылатын сапалы қорғаныс кремдерін пайдаланыңыз. Теріңіздің құрғап қалмағанын қадағалаңыз.

 Табиғи түрде қорғану

Бұл тәсілді кез-келген адамның білері анық. Десе де, айтып өтелік.  Алдымен денені күннен қорғау үшін, денені жауып тұратын жеңіл, жабық киім, және күннен бет терісін қорғап тұратын шляпа немесе соғанан ұқсас бас киімдер кию қажет. Өзіңізді күннен осындай қарапайым тәсілдермен де қорғаған артық етпейді. Өйткені ыстық кезде крем жағуға көпшілігі құмарта қоймасы анық.

Дұрыс тамақтану

Өздеріңізге белгілі жаз айында бірнеше пайдалы жемістер мен көкөністер шығады. Мезгіліне орай осы пайдалы дәрумендермен қоректенген жөн. Сондай ақ, шабдалы, қияр секілді жемістер бет терісіне ерекше ылғал береді.  Және жаз айындағы ыстықтан адамның денесі, ішкі құрылысы құрғайтыны да, белгілі. Сондықтан мөлшерімен суды көбірек пайдаланыңыз.

Материал авторы: Асем Жолдыбаева

Расскажи друзьям
Читай так же