ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өмірден озды

Просмотров - 304
19.07.2018

Денис Тен — ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Сочи- 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Алматыда белгісіз біреулер пышақтап, нәтежиесінде талантты спортшы дүниеден озды.

Бұл туралы Әлішер Елікбаев хабарлады.  «Бұл нақты мәлімет, бірақ мән-жайын білмеймін», — деді ол. Спортшы Орталық №12-ші қалалық ауруханаға жеткізілген.Оқиға бүгін, 19 шілдеде шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған.  «Тен Денис Юрьевич көлігінен айна ұрлап жатқан анықталмаған екі адамның үстінен түскен. Жанжал барысында Денис Тенге пышақ жарақаты тиген. Осы дерек бойынша тергеу басталып, күдіктілерді ұстауға бағытталған барлық шара жүргізіліп жатыр», — деді ІІД өкілдері.

Расскажи друзьям
Читай так же