ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Мобильді қосымша сапалы қызмет кепілі

Просмотров - 101
02.11.2018

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының жетінші бағытының бір тармағын «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлтқа» арнаған болатын.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы(Медициналық сақтандыру қоры) осы Жолдаудың ең маңызды деген үш міндетіне басымдық беріп отыр.

Бұл мақсатта Медициналық сақтандыру қорымен «МСҚ: Халықтық бақылау» (ФМС: Народный контроль) деп аталатын мобильді қосымша іске қосылды. Мобильді қосымша кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде қызмет көрсететін еліміздегі ауруханалар мен емханалардың жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар пікірі негізінде клиникалардың рейтингісі жасалады. Бұл алдағы уақытта азаматтарға ең үздік деген ауруханалар мен емханаларды таңдауға мүмкіндік береді.

Мобильдік қосымша арқылы дәрігер қабылдауына кіруге кеткен уақыт, көрсетілген медициналық қызметтің сапасы, медицина қызметкерлерінің қарым-қатынасы, дәрігер берген емнің түсініктілігі мен дұрыстығы және тағы басқа өлшмедер есепке алынады. Сонымен бірге, азаматтар медицина ұйымы туралы пікірін еркін түрде жазып қалдыра алады.

«МСҚ: Халықтық бақылау» мобильдік қосымшасын  iOS және Android платформаларымен жұмыс істейтін телефондарға көшіріп жұмыс жасай беруге болады.

Осылайша, мобильді қосымша арқылы азаматтар шұғыл кері байланыс тағы бір коммуникация арнасына ие болды.

Демек, халық тарапынан берілген баға — барлық медицина мекемелерін көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға ынталандырады деген сөз.

Ал, медициналық сақтандыру қоры осы қосымша арқылы серіктес ұйымдардағы медициналық қызмет сапасы мен пациенттердің қанағаттану деңгейі жөнінде қосымша мәлімет алып отырады.

Нақтырақ айтқанда, бірінші 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы соңында азаматтар МӘМС жүйесіне қатысу барысы мен төленген жарналар туралы мәліметті Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу мүмкіндігіне ие болмақ. Мысалы, қазір бұл мәліметті «электронды үкіметтің» egov.kz порталы арқылы алуға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат «жеке кабинетке» кіріп, МӘМС төлемдерінің соңғы рет қашан жасалғанын анықтап біле алады.

Мұның аса ыңғайлы еместігін азаматтарымыз жиі айтып жүр. Ал, бұл қызмет ХҚКО арқылы көрсетіле бастағаннан кейін тұрғындар өз атына аударылған жарналар мен аударымдар туралы мәліметті, сондай-ақ МӘМС жүйесінің қатысушысы деген анықтама қағазын да сол жерден ала алады.

Екінші, Жетілдірілген тіркеу қызметі 2018 жылдың 3-4-тоқсанында пайдалануға берілмек.  Нәтижесінде қазақстандықтар емханаға ХҚКО арқылы тіркеліп, қай жерде тіркелгені туралы мәліметті де сол орталықтардан алатын болады.

Қазіргі таңда бұл қызметтер онлайн режимінде — egov.kz порталы арқылы, оффлайн режимінде — емханаларда көрсетіледі.

ХҚКО арқылы тіркеу мәліметтердің медицина ұйымдары тарапынан бұрмалану қаупін төмендетіп, емханалардың тіркеу блімдеріне түсетін жүкті азайтады. Сонымен бірге, азаматтарды тіркеуден негізсіз бас тарту фактілерін қысқартады.

Осылайша Медициналық сақтандыру қоры және қордың Атырау облысы бойынша филиалы ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды дамыту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі  мен тиімділігін қамтамасыз ететін болады.

Медициналық сақтандыруға қатысты басқа да сауалдар болған жағдайда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының 8/7122/956931,  8/7122/956932, 87782344522телефондарына, atyrau.naofsms@mail.ru электоронды мекен жайына хабарласуға болады.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалының директоры

Б.Газизов

 

 

Расскажи друзьям
Читай так же