ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды

Просмотров - 122
12.07.2018

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды. Бұл заң «Казахстанская правда» газетінде жарияланып, өз күшіне енді.

Айта кетейік, биыл 5 шілдеде парламент мүшелері осы заңды мақұлдап, Мемлекет басшысы заңға қол қойған болатын. Қазақстанның Конституциялық кеңесі құжатты Конституцияға сәйкес деп таныды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасына өмір бойы Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болу құқығы берілді», — делінген жарияланған заңда.

Дерек көз: tengrinews.kz

Расскажи друзьям
Читай так же