«Жаңа әлемге жол саламыз» IV cъезі

Екі күнге созылған Қазақстанның белсенді жастарының басқосуы аяқталды. Оған еліміздің әр түкпірінен 1500 астам адам қатысты. Съездің алғышқы күнінде делегаттар «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан», «Қазақстанда жасалған», «Білім. Ғылым. Инновация», «Саламатты ұлт» деп аталатын 5 тақырып бойынша өткен сессияларға қатысып, жобаларын ұсынса, жиынның соңғы күні «Жаңа әлемге жол саламыз» атты гала-форуммен ұласты. Сонымен қатар онлайн сайлауда жеңіске жеткен 16 үміткер «Жас Отан» Жастар қанатының орталық кеңесіне мүше болып сайланды.                                                                                       «Жаңа әлемге жол саламыз» деген ұранмен ашылған съезд атауының өзі Қазақстан жастарының жаңа білімге, жаңа белестерге деген ұмтылысын аңғартады.                                                                                          

Гала-форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова жеткізген болатын. Онда «Жас Отан» Мемлекет басшысының барлық бастамалары мен стратегиялық жоспарларының сенімді тірегіне айналғаны, бұл беделді ұйым мыңдаған білімді де белсенді жастардың, Қазақстанның нағыз патриоттарының басын біріктіріп отырғаны атап өтілген.                                                                                 

Атап өтейік, съезд алғаш рет VR форматында көрсетілді Оны әлемнің бірнеше еліндегі жастар да тамашалауға мүмкіндік алды.Бұл технология кез келген интернет пайдаланушысына залдағы көріністің барлығын 360 градус айналасында көруіне мүмкіндік береді.                                                                                              

Съезд соңында жасотандықтардың ұйымның дамуы мен еліміздегі жаңғыру үдерістеріне қатысу жөніндегі стратегиялық міндеттері көрсетілген арнайы құжат қабылданды. Қорытынды құжатты Мәулен Әшімбаев жастардың жаңғырту процестеріне бағытталған жаңашыл көзқарастарының озық үлгісі ретінде атап өтті.   

                                                                                                  "Біздің қорытынды құжаттың тезистері кешегі бес сессия барысында талқыланған ұсыныстар негізінде жасалып отыр. Ол Қазақстанның жаңғыруына бағытталған. Осы съезд арқылы жаңа әлемге ұмтылып, дамудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. Мақсатымыз – анық, бағыт-бағдарымыз – айқын. Алдымызда Елбасы белгілеп берген абыройлы міндеттер тұр. Сол көздеген межеге қол жеткізу үшін, жұдырықтай жұмылып жұмыс істейік. Елбасының игі бастамаларын жүзеге асыруда әрдайым бірліктің биігінен көрінуге тиіспіз", - деді сөз соңында Мәулен Әшімбаев.     

                                                                                                 

  Сондай-ақ 18 жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қашаған» кен орнының алғашқы мұнайын маңдайына жаққан Берік Уап «Жас Отан» ЖҚ-ның кезекті IV Съезінде сөз сөйлеп, жастарды білімге деген құштарлығын еселей беруге шақырды.  Жасотандық достарыма «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын оқуға кеңес берер едім. Оқысаңыз, білімге деген құштарлығыңыз арта түседі. Сөзімді қорытындылай келе, Елбасымыз айтқандай «Бүгінгінің адамы білімі жетік, жаңа технологияларды меңгерген, жан-жақты болуы керек». Сондай тұлға болып қалыптасуымызға бүгінгі таңда барлық жағдай жасалып жатыр, - деді ол.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.