Какой сегодня день

24 мая

Ақмола облысында ерекше бала дүниеге келді

Ақмола облысының Степногорск қаласында дүниеге келген Сергейді көрген дәрігерлер шошынып қалған. Жаңа туған сәбидің ішкі құрылысында туа бітті ақау пайда болып, оның шектері сыртқа шығып қалған. Алайда келіншектің аяғы ауыр кезде түсірілген УЗИ қорытындысы ешқандай кемістікті көрсетпеген.

 «Менің ұлымның денсаулығы туралы есту өте ауыр болды. Бірақ оны тастап кету туралы мүлдем ойлаған да жоқпын. Үнемі қасында болдым. Күн сайын дәрігерлермен сөйлесіп тұрдым», – дейді Сергейдің анасы Евгения.
 

 
Дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Өйткені мұндай ауытқумен дүниеге келетіндердің саны аз. Бұған дейін елімізде осыған ұқсас төрт оқиға тіркеліпті. Бірақ олардың ешбірі тірі қалмаған. Алайда Сергей төзімді болып шықты. Оған жасалған операция сәтті аяқталды. Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бар болғаны денесінде кішкентай ғана тыртық қалады.
 
Дереккөз: qasym.kz

Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.