Какой сегодня день

24 мая

Асқар Төребайұлын еске алуға арналған турнир

Талантты және тілге жүйрік, ой өрісі кең жастардың басын бір арнаға біріктіретін дебат ойындары қаламызда кең көлемде болмағанымен, жастар арасында жиі өтіп келеді. Ал бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен «Жастар арасында мемлекеттік саясатты дамыту және насихаттау» атты облыстық пікір-сайыс турнирі соның бір дәлелі. Бұл турнир «Жас Отан» жастар қанатында елеулі еңбек атқарып, облысымыздың дамуына өз үлесін қосқан Асқар Төребайұлын еске алуға арналған болатын.

"Асқар Төребайұлы жастарға тіл, мәдениет, ұлттық құндылықтар жөніндегі тақырыптарды көп қозғаған екен. Біз дебат ойынында тақырыптарды осы мәселе төңірегінде алдық. Турнир 5 тақырыптан тұрса, оның 3-еуі тікелей жартылай финалда қозғалады. Ал финалды «ұлттық құндылықтарды насизаттаудың тиімді жолдары» деген атау қаралды. Бүгінгі турнир жоғарғы деңгейде өтті деп айта аламын. Себебі, біздің "Сенатор" дебат клубының жастары тәжірибелі. Олардың болашағынан көп үміт күтеміз",-дейді "Сенатор" пікір-сайыс клубының президенті Абылай Құрметұлы.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жанынан ашылған «Сенатор» пікір -сайыс клубы биылғы жылдың 11 ақпан күні өз жұмысын бастаған. Аталмыш клуб ұжымдары осы уақытқа дейін қалалық, облыстық турнирді өткізген. Құрылғанына аз ғана уақыт өтсе де, жастар жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мәселен, Сағындықова Аружан «ЭКСПО-2017» атты пікірсайыста 2 орын, Алаштың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған турнирде 3 орын иегері атанған. Облымыздағы дебат ойынын жаңдардырып, жұмыс істеп келетін «Сенатор» клубында бүгінде 60-қа жуық жастар бар.

8 жоғарғы және арнаулы оқу орындары қатысқан бүгінгі турнирге 16 жас қатысты. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің атынан қатысып отырған Абай Қасымұлы бүгінгі сайыстан жеңімпаз ататынына сенімі мол.

-Асқар Төребайұлы Махамбет ауданының тумасы. Мектеп жасынан оқып жүргеннен бері жақсы араласып, етене жақын болдық. Осындай қаламызға еңбек сіңірген Асқар Төребайұлын еске алу турнирі жастардың саяси білімін алуын көздейді. Жалпы, пікір-сайыс барысында көптеген негізі дәлелдерді қолданады. Берілген 7 минуттың ішінде құр сөз айтпай, оны дәлелмен ұштасытыра білуі керек.

Ал, турнир ойының жеңімпаздары болып Мұғалім Жансерік, Қыдырғалиева Нұрасыл иеленсе, 2 орын Қанатова Жарқынай мен Жайылыс Нұршуақ, 3 орын Қаболла Төлебике мен Аманжолова Марина иеленді. «Үздік спикер» атағы Қанатова Жарқынайға бұйырды. Барлық қатысушылар сертификат иеленіп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.