Какой сегодня день

25 июня
  
25 июня
     День моярка

АСТАНА ТЕАТРЫ –АТЫРАУДА

Қ.Қуанышбаев атындағы  Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының 17 мен 23 сәуір аралығындағы Атырау қаласындағы гастрольдік сапары басталды. Қаллеки театрының ұжымы бір апта көлемінде Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына 7 спектакльді тарту етпек, олар: Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасы, Т.Теменовтің «Аққудың көз жасы...»лирикалық драмасын, Р.Отарбаевтың «Әміре» драмасын, М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясын, А.Айларовтың «Сүрінген сүрбойдақ» комедиясын,  Джон Патриктің «Қымбатты Памелла» комедиясын, М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасын және балаларға арналған халық ертегісі «Ер Төстікті» ұсынады. Спектакльдер - Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық  қазақ драма театры сахнасында өтеді.

Театр өнерінің дамуына үлесін қосып жүрген Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Атырау  қаласына жасап отырған бұл сапарының бірден-бір мақсаты -  Батыс Қазақстандық  тұрғындарға Астананың мәдениетін паш ету және де екі театрдың бір-бірімен тәжірбие алмасуына септігін тигізу болып табылады.

Ендеше, мөлдір өнерді сүйетін оқырмандарымыз үшін қойылымдардың кестесін назарларыңызға ұсынамыз!

17 сәуір  -  Т.Теменовтің «Аққудың көз жасы...»лирикалық драмасы;

18 сәуір -   Р.Отарбаевтың «Әміре» драмасы;

19 сәуір -   М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы;

20 сәуір -   Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасн;

21 сәуір  - А.Айларовтың «Сүрінген сүрбойдақ» комедиясы;

22 сәуір  - Джон Патриктің «Қымбатты Памелла» комедиясы;

23 сәуір  - М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасы

тамашалай аласыздар. Басталуы 19.00


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.