Бүгін қандай күн?

26 МАМЫР

Атырауда жаңа жолдар салу жұмыстары жалғасуда

"Атырау қаласында ағымдағы жылы 227 көшені қамту жоспарланып отыр, бұл 211 шақырым жолды құрайды",- деп, хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.                                                                       
Қалалық ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы), жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша бүгінгі күні Көкарна, Бірлік, Мұнайшы, Геолог, Жұлдыз-3, Жұлдыз-1,2 ықшам аудандарында, Бесікті және Дамбы ауылдарында жаңа жол құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.                                                                            "Осы жылы Ақжар-2, Ақсай-2, Атырау-1, Жаңаталап-1, Еркінқала-2, Водников-2, Томарлы-2, Бірлік-2, Дамбы-2, Тасқала-3 ауылдарында жалпы ұзындығы 211 шақырымды құрайтын 227 көшенің ЖСҚ әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алғаннан кейін асфальт төсеу осы қала маңындағы елді мекендерде де басталады", - деді қалалық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің өндірістік-техникалық секторының басшысы Акесен Ибрагимов.

2018 жылы Атырау облысында барлығы 280 шақырым жолды асфальттау жоспарлануда.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.