Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Атырау облысы Қызылқоға ауданының əкімі тағайындалды

9 қазанда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев депутаттарға ҚР президент əкімшілігімен келісілген  Қызылқоға ауданының жаңа əкімінің кандидатурасын ұсынды. Ол - бұған дейін Атырау облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болған Арман БАЖЕНОВ. Ауданды осыған дейін басқарған Мақсот Мұқанов бүгін Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Нұрлан Ноғаев Мақсот Мұқановқа атқарған қызметі үшін алғыс айтып, жаңа жұмыс орнында табыс тіледі. 
 
Аудандық мəслихат сессиясында депутаттар кандидатураны қолдағаннан кейін Баженов аудан активіне таныстырылды жəне аймақ басшысынан Қызылқоға ауданының əлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырмалар алды.
 
 
Жаңа тағайындалған аудан əкімі Атырау мұнай жəне газ институтын, Қазақ ұлттық университетін инженер-экономист, жерге орналастырушы мамандықтары бойынша бітірген. "ҚР тəуелсіздігіне 20 жыл", "ҚР Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медальдарымен марапатталған. "Құрметті жерге орналастырушы" белгісінің иегері.
 
Еңбек жолын 2003 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл округі əкімінің бас маманы жəне əкім орынбасары қызметінен бастаған. 2006 жылы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінің бас маманы болды.
 
2007-2008 жылдары Арман Баженов Атырау қалалық жер қатынастары бөлімінде бас маман, бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылы облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметіне ауыстырылды. 2015 жылдан күні бүгінге дейін осы басқарманың басшысы болды. 

Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.