Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Атырауда азық-түлік бағасы арзандады

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиналыста белгілі болды. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиында Ұлттық банктің Атырау филиалының директоры Айнұр Көшербаева баяндама жасады. Ол аймақтағы азық-түлік бағасының қазан айымен салыстырғанда арзандап, тұрақтанғанын жеткізді. 
 
«Қазан айымен салыстырғанда инфляция төмендеді. Бұл жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған 6 жәрмеңкенің өтуімен байланысты болды. Бағаның түзетілуі қызылша, пияз, сəбіз сынды азық-түліктерге қатысты болды» , - деді ол.
 
Филиал директоры өңірде дедолларизациияның оң бағытта жүріп жатқанын да айтты.
 
«Былтырғы периодпен салыстырсақ, 1 қарашада ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 28 проценттен 45 процентке дейін артты. Шетелдік валютадағы салымдар 71 пайыздан 54 пайызға дейін кеміді», - деді директор. Бұл Атырау облысында ұлттық валютаға деген сенімнің күшейгендігімен түсіндірілді.
 

Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.