Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Атырауда Қазақстан жастар конгресі басталды

Бүгін Атырауда алғаш рет еліміз үшін ең ауқымды шараның бірі Қазақстан жастары конгресінің  15 жылдығына арналған республикалық жастар слеті өтуде. 13-15 қазан күндері аралығында өтетін жастар слетіне әр өңірдің жастары қамтылған.

Слет жұмысына Қазақстан жастары конгресінің кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева, танымал  тележүргізуші Сұлтан Сандуғаш, белгілі шахматшы Динара Сәдуақасова секілді жұлдыздар мен саясат, қоғам қайраткерлері шақырылды.

Қазақстан жастар конгресі 2001 жылы Елбасының бастамасымен Ақтау қаласында ашылса,  биыл құрылғанына 15 жыл толып отыр. Конгрестің мақсаты - жастардың жастар ұйымындағы мүддесін орнату және мемлекеттік саясатты жастармен дұрыс жұмыс жүргізу.

Айдын Маратұлы, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры:

-Биылғы жылы әскери патриоттық бағытты дамытуды қолға алдық. Ол бағытта «Жастар қаруы » деген патриоттық ұйым ашылды. Сонымен қатар, біз 20 млн доллар тұратын дүниежүзілік банк грантын жеңіп алдық. Қазіргі таңда грант 4 облыста жүзеге асуда. Жастардың әлеуметтік бағыттағы жобасын грант түрінде қаржыландырып, арнайы жәрдемақы төленуді қарастырдық. Әрине, оның арнайы бекітілген комиссиясы ең жақсы әрі ірі жобаларды таңдап алады.

Қазіргі таңда республика бойынша 106 конгресттік ұйым жұмыс жасауда. Конгрес консерватциялық түрде жұмыс істеп, «Жасыл ел» біріңғай еңбек жастары ұйымы, «Жас Ұлан» жасөспірімдер ұйымы, «Студенттер алянсы» деген 100-ден аса ұйымның негізін қалаушы. Бүгінде елімізде жас журналистерді дайындау бағытында құрылған «Жас медиа» жобасы жұмыс жасауда. Жыл соңына дейін Астанада республикалық «Жас медиа» факультеті құрылмақ.

Ал үш күн бойы қатысушылар ашық диалогтық алаңдарда жастардың маңызды да өзекті сұрақтарын талқылап, шешімдерін іздейді. Сондай-ақ, танымал тұлғалардың тренингтері мен мастер-кластарын өтеді. Еліміздің саясат және қоғам қайраткерлерімен кездесіп, шара қатысушылары «Congress Fest» көше субмәдениеттері фестиваліне қатысу жоспарлануда.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.