Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Атырауда халықаралық суретшілер симпозиумы өтуде

Атырауда тұңғыш рет халықаралық дәрежеде «Сұлулық әлемді құтқарады» атты шеберлік сағаты өтуде. Халықаралық симпозиумда Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай елінен 22 суретшілер мен белгілі қоғам қайраткерлері бас қосты. Мұнайлы Астананың туған күніне арналған шара Атырауда 3 күн бойы жалғасады. Ал бүгін Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында жас талантты тұлғалармен шеберлік сыныбы өтті. 


«Ұйымдастырылып отырған халықаралық суретшілер симпозиумы Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған ауқымды шараларымыздың бірегейі. Басқосудағы басты мақсат -  халықаралық дәрежедегі суретшілермен тығыз байланысы орнатып, облысымыздың мәдени қорын кеңейту. Сонымен қатар, тек қаламыздың ғана емес қазақ елінің мәдениеті мен өнері, әлеуметтік - экономикалық дамуы, рухани байуын суретшілердің қылқаламы арқылы жеткізу»,-дейді ҚР суретшілер одағының мүшесі Камила Жаппалова.

Қаламызға келген қонақтар көне Сарайшықтан бастап, Атыраудың айшықты келбетін бейнеледі. Сонымен қатар, халықаралық суретшілер өздерінің құнды жұмыстарын қала күнінің мерейтойына орай сыйлық ретінде атыраулық суретшілерге табыстайды.

Мадина Жолдасқалиева, Н.Тіленидиев атындағы Кіші өнер академиясының 10 сынып оқушысы:

-Бүгінгі шараға орай Атырдың ауа-райы да керемет болып тұр. Симпозиум барысында әр жерден келген суретшілер өздерінің сурет салу құпияларымен бөлісті. Олардан көп тәжірибе алдық.

Шеберлік сыныптарына аудан орталығының суретке қызығушылығы бар жастар мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері қатысып, халықаралық дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Ал симпозиумның жабылуы 6 қазан күні «Салтанат» сарайында өту жоспарлануда.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.