Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Атыраулық ұстаздарға құрмет көрсетілді

Сан алуан шәкіртті білім нәрімен сусындатып, барлық жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздың еңбегі зор. Олай дейтініміз, ел билеген парасатты патшаның да, дүлдүл ақынның да, ержүрек батырдың да өз ұстазы болғаны анық. Сондықтан, бүгінгі және келешек ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды ардақтау кез келген жанның міндеті. Осындай қошеметке лайық жандарды қазан айының алғашқы жексенбісі күні жыл сайын төл мерекелері аталып өтіліп, үздік ұстаздарды марапаттау дәстүрге айналған. Ал бүгін Атырауда ұстаздар күні жоғары деңгейде өтіп, мерекелік концерт әдемі сахналанған қойылыммен басталды.
 
 
Жалпы, өңірімізде 1369 мұғалім болса, оның 45 пайызы бірінші санатты мұғалімдерді құрайды. Оқушылар мен ұстаздар үшін де биылғы жылы жақсы жаңалыққа толы. Оқу жылы басталғанда 5 мектеп пайдалануға берілсе,  4 оқу орның құрылысы биыл аяқталады. 
 
-Әрине, өзге саладан бөлек, ұстаздардың жауапкершілігінің жүгі ауыр. Себебі, олар ертеңгі ұрпақты тәрбиелейді. Қай адам болмасын, бәрі ұстаздың  тәрбиесін көреді. Сондықтан, зор еңбекке лайықты жандарға үлкен алғыс білдіреміз. Отбасыларыңызға амандық, денсаулық тілеймін»,-деді облыс әкімінің орынбасары Әлібек Наутиев.'
 
 
Мерекелік концертте шәкірт тәрбиелеуде алдына жан салмаған ұстаздарды облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев Ы.Алтынсарин төс белгісі, ҚР құрметті азаматы, Атырау облысының әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, жанұясымен ұстаздық жолында еңбек еткен династияларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. 
 
Ал  «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, шәкірттері бәйгеде оза шапқан, ардагер ұстаздарды, зейнетке шыққан мектеп директораларына алғыс хат пен сыйлықтар берумен жалғасты. 
 
 
Ұстаздарға арналған шара «Қоңыр» тобы мен Роза Рымбаеваның әншашумен жалғасты. 
 
Мендіхан Бақтігереев, ардагер ұстаз:
- Мен 46 жылдың үстінде еңбек еттім. Жұбайым да, балаларым да осы ұстаздық жолын таңдады. Бүгінгі осынау ұлы мереке қарсаңында отбасымызды облыс әкімі құттықтады. Барлық ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз зор. Ұстаздардың мерейі әрқашан үстем бола берсін.
 

Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.