Какой сегодня день

17 октября

Байзаарға барып, кітап алмастырыңыз

Күннен күнге технология қарыштап дамығанымен, кітапқа деген сүйіспеншілік ешқашан жойылған емес. Оның бірден-бір дәлелі қаламызда жиі өткізіліп тұратын «Буккроссинг» жобасы. Елімізде 2005 жылы бастау алған жобада халық кітап алмасып, кітап сөресін жаңа кітаптармен толтыра алады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан аталмыш жоба бүгін «Байзаар» сауда-орталығының 3 қабатында өтті. Онда әдеби кітаптардан бөлек, мотивациялық және шет тілдеріндегі кітаптар қойылған.

Айта кету керек, жоба 4-6 қазан аралығында сағат таңертеңгі 10:00-ден бастап, кешкі сағат 22:00-ге дейін жалғасады.

Сисенбай Алтын, студент:

-«Байзаар» сауда-орталығында достарыммен келген едім. Ойда жоқта осындай керемет жобаға тап болдым. Сөмкемде кеше ғана оқып бітірген кітабым бар еді. Соны ағылшын тіліндегі жаңа кітапқа алмастырып алдым. Ұйымдастырушыларға көп рахмет. Қала тұрғындарын жобаға қатысуға шақырамын! Келіңіз, сіздерде кітап алмастырыңыздар!


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.