Бүгін қандай күн?

20 қараша

Балықшы ықшам ауданындағы үйлер орталық жылу жүйесіне қосылады

Бұл шара тұрғын үйлерді жылумен қамту процесін жақсартады.
 
Жексенбі, 5 қарашада аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Балықшы ықшам ауданындағы "Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету" ЖШС жылу бөлімшесіне барып, тұрғын алабын орталық жылу жүйесіне қосу  жəне үйлерді жылыту бойынша жүріп жатқан жұмыс барысымен танысты. Қазір мекеменің жылу қуаты 3200 гкалл. Жаңа жылыту жүйесі арқылы 48 үйге, яғни 2500 пəтерге жылу беріледі.
 
 
Атырау қаласының əкімі Серік Шапкеновтің айтуынша, Балықшы ықшам ауданын аталған жүйеге қосу түрғын үйлерге үздіксіз жылу беру, ыстық су жеткізумен байланысты проблеманы шешеді. Жақында Балықшы ықшам ауданы тұрғындары тарапынан ыстық суды батареядан алу фактілері анықталған.
 
Қазандықтардың нормативтік құжаттарына сəйкес жылыту үшін ыстық су беру 5 кг қысыммен жүзеге асады, ол 2,5 кг қысыммен кері қайту керек. Бірақ Балықшы ықшам ауданының кейбір тұрғындары жылыту батареяларының ыссы суын пайдаланғандықтан су қазандыққа 1 кг қысыммен қайтып жүрген. Бұл процесс пəтерлердің жылумен жеткілікті дəрежеде қамтылмауына əкелді. Осыған сəйкес жылыту маусымында жылу энергиясын толыққанды беру жəне батарея суын тұрмыстық мақсатқа пайдаланбау үшін коммуналшылар  "Уранин А" реагентін қосуға мəжбүр болған. "Уранин А" реагенті энергетикада ғана емес, медицинада да қолданылады, денсаулыққа зияны жоқ. Бір ерекшелігі, теріге немесе киімге жұққан жағдайда жуылмайды.
 
Тексеру қортындысы бойынша аймақ басшысы қала əкімшілігіне Балықшы ықшам ауданын орталық жылу жүйесіне қосу мəселесін үнемі бақылауда ұстауды тапсырды. 

Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.