Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

«Болашақ» стипендиясы: Қай мамандықтар сұранысқа ие

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ "Болашақ" халықаралық стипендиясы арқылы білім алуда үміткерлер тарапынан сұранысқа ие болып отырған мамандықтарды атады.
 
"Қазіргі уақытта үміткерлер тарапынан «Құқық», «Халықаралық қатынастар», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Мемлекеттік саясат», «Білім саласындағы басқару», «Журналистика», «Ақпараттық технологиялар және жүйелер», «Технологиялар менеджменті, инновациялық менеджмент» және т.б. мамандықтар аса сұранысқа ие", - деп жауап берді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі "ҚазАқпарат" ХАА тілшісінің сауалына.
 
Айта кетейік, 2017 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы арқылы «Мемлекеттік қызметшілер», «Ғылыми және педагог қызметкерлер», «Инженерлік-техникалық қызметкерлер», «Мәдениет қызметкерлері», «Мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлер», «Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері» санаттары бойынша  магистр дәрежесін алуға және тағылымдамадан өту үміткерлері үшін жеңілдіктер бар. Олар үшін IELTS 5.5 деңгейіндегі көрсеткіш жеткілікті және тілдік курстардан өту мүмкіндігі қарастырылған.
 
Дереккөз: inform.kz

Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.