Бүгін қандай күн?

19 қараша

Динара Сәдуақасова жас шахматшыларға шеберлік сағатын өткізді

Елімізде шахматтың дамуына үлесін қосып жүрген жас гроссмейстерлердің бірі Динара Сәдуақасова бүгін Атырау жеріне келіп, жас шахматшыларға шеберлік сағатын өткізді. Динарамен бірге шахматта ойнауға келген бүлдіршіндер көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

16 жасында «Ең жас гроссмейстер» атанған Динара 4 дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның 8 дүркін, Азияның 3 дүркін вице чемпионы. Динара шахматпен қатар музыка мектебінің фортепиано сыныбын үздік аяқтап, көркемдік гимнастикамен шұғылданған. Шахматқа біржола бет бұрған ол сегіз жасында әлемдік деңгейдегі жарыста топ жарады.

− Негізінен, шахматқа қызығушылығы бар бала 5-6 жасынан бару керек. Егер сенің бойыңда талантың болса, онда сен жақсы шахматшы бола аласың. Ал мен бес жасымнан бастап шахматпен айналыстым. 11 жасымда әлем чемпионының күміс жүлдегері атанғаннан кейін бұдан да үлкен жетістіктерге жетуге болатынын түсіндім. Қазір шахмат өмірімнің ажырмас бөлігіне айналды, − дейді Динара Сәдуақасова.

Күніне алты сағаттан астам шахматпен айналысатын Динараның жеңіске жетуінің жетуінің бірден бір себебі – шахматтың жақсы көруі екендігін айтады. Сондай-ақ, әуелі адам өзіне сеніп, ештеңеден қорықпау керектігін де ескерте кетті. Көптеген жандардың өтінішімен шахмат академиясын ашып, «Шахматтың алғашқы қадамдары» атты кітабы да жарық көрген. Аталмыш кітапты атыраулық шахматшыларға шеберлік сыныбында табыс етті.

Динара Сәдуақасова, шахматшы:

− Әлем чемпионы болу өте қиын. Өйткені, менен де өткен қаншама мықтылар бар. Оларды жеңу, елдің намысын қорғау үлкен жауапкершілікті іс. Қазақстанда мықты шахматшылар бар деген мені қуантады. Өзімнің Қазақстанда туғаныма мақтанамын. Атырау жеріне келіп, сіздермен көріскеніме қуаныштымын. Сіздерге сәттілік тілеймін! Үлкен жетістіктерге жете беріңіздер!


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.