Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

ДОМБЫРА ҮНІ ҮҢІЛТТІ

Еліміздің барлық аймақтарында Назарбаев Зияткерлік мектебінің мыңдаған оқушылары бір мезгілде күй орындап жұрт назарын аударды. Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің домбыра оркестрі қаламыздағы «Baizar»ойын-сауық орталығына келушілерді қара домбыра үнімен үңілтті.

 

Әуелі мектеп көшбасшысы, 11 сынып оқушысы Қуаныш Жалғасбаев Құрманғазы Сағырбайұлының "Сарыарқа", "Адай", "Жұмыр қылыш" сынды күйлерінің тарихына тоқталып олардың мән-мазмұнына сипаттама берді.

Оқушылар күй атасы Құрманғазының бірнеше туындыларын орындаған соң, кейін жекелей НұрғисаТілендиев, Қаршыға Ахмедияров сынды күйдара боздарының шығармаларын нақышына келтірді.

Осылайша, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына қолдау білдірген оқушылар қала тұрғындарына мерекелік көңіл сыйлауды әдетке айналдырған.

 

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.