Какой сегодня день

17 октября

Дос жүрегін шекара бөле алмайды

Бүгін қала күнінің құрметіне орай Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің ұйымдастыруымен және облыс әкімі  Ноғаев Нұрлан Асқарұлының қатысуымен  Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма теарында «Дос жүрегін шекара бөле алмайды!» атты VI Халықаралық фестивальі болып өтті.         

Фестивальге Әзербайжан, Грузия, Астрахань,  Самара, Дагестан елдерінен және шекаралас Ресей федерациясынан, сонымен қатар Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облысынан арнайы қонақтар мен қатысушылар келді.

Жалпы, бұл фестивальдің басты мақсаты - еліміздің көп ұлттылығын, достығын насихаттай отырып, достық пен бауырмалдылыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу.                                                   

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанның ұлттық бірлігін және қоғамдық келісімін сақтай отырып, екі жақты қарым-қатынастарды Ресей, Әзербайжан және Грузия халқымен тығыз байланыстырып, осы бағытта өткізілетін шараларға тоқталып өту.

Әрдайым достық қарым-қатынасты нығайтуды көздейтін бұл айтулы шара жыл сайын Атырау қаласында  екіжақты өтіп тұрады.

                                                                                                                    

Есентай Сатубалиев, Самара қаласы:

Осындай шара ұйымдастырып жатырған ұйымдастырушыларға алдымен алғыс білдіремін. Өйткені6 тек қазақ жерінің ғана емес, көршілес елдерден де қонақтар келіп жатыр. Бұл біздің қонақжай халық екенімізді көрсетеді. Осындай шаралар жиі өткізіліп тұрса екен деп тілеймін.

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.