Бүгін қандай күн?

19 қараша

Енді түлектер мамандық таңдаудан қателеспейді

Бүгін «Келешек» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мамандық таңдау саласына арналған Атырау облысының мектеп оқушыларына арналған шеберлік сыныбы бастау алды. Бұл шеберлік сыныбының алғашқы бөлімі № 22 орта мектебінде белгілі мамандардың қатысуымен өткізілді.  Жобаның мақсаты - оқу бітіргелі отырған мектеп оқушыларына мамандық таңдау барысында жөн сілтеп көмек көрсету.

Шеберлік сыныбын «Достық» компаниясының бизнес-менеджері Ақмарал Өтеғалиева, ТОО «Ясмин» компаниясының қызметкері Шукенова Гүлнар және «Каз Мұнай Газ» компаниясының қызметкері Нұрғалиева Эльмира өткізді.

Ақмарал Өтеғалиева, бизнес-менеджер:

- Қазіргі таңда Атырау облысында көптеген салада қызметкерлер аз. Оған себеп - мамандардың жетіспеуі. Сондай-а,қ бүгінде көптеген жастар мамандық бойынша қызмет етпейді. Сондықтан, мектеп бітіргелі отырған жас түлектерге бірнеше мамандық түрін ұсынып, оларға сәл де болса жөн сілтеу. Біздің бұл бастамамыз оқушыларға оң әсерін тигізіп, қалаған мамандықтарының иесі болып шығады деген үміттеміз.

Шеберлік сыныбы барысында инженер, электретик, механика, оператор және аудармашы секілді мамандық түрлері ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Атырау облысы бойынша бірнеше мектептерді аралап, шеберлік сыныбын өткізуді жоспарлап отыр. Ал оқушылар болса,  көкейлеріндегі сұрақтарын қойып өзіне қажетті мәліметтерді жинай алды.

Жанар Рақметолаева, 9 сынып оқушысы:

-Мамандық таңдау бұл үлкен жауапты іс. Сондықтан, қате жібермеуі керек. Бүгінгі шеберлік сыныбы маған септігін тигізді. Өйткені, әр мамандықтың қыр сырын және ол арқылы қалай табыс табуға болатындығы жөнінде ақпарат алдым. Алайда, мамандық таңдау жауапты іс болғандықтан, әлі біраз ойлануды талап етеді. Мектеп бітіруіме 2 жыл уақыт бар. Десе де, болашағымды бүгіннен бастап құрудың артықшылығы жоқ деп білемін. 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.