Ет жеуді азайту асқазан обырының алдын алады - онколог

Қызыл етті асқа пайдалану ішектің қатерлі ісігін, ал тұз - асқазан обырын тудырады. Денсаулық сақтау минисрлігінің бас онкологы Диляра Қайдарова қатерлі ісіктен сақтанудың жеңіл жолдарын айтты. "Америкада темекі шегумен күрес өкпе обырынан өлім-жітім көрсеткішін 20-30 пайызға төмендетті.                                                                                                 

Қызыл етті пайдалану ішек обырын азайтады. Бүгінде бізде ерлер мен әйелдер арасындағы ішек обырының көрсеткіші екіден беске дейін артты. Тұзды пайдалнуды азайту асқазан обырының көрсеткішін төмендетуге септеседі. Б гепатитінің алдына алу екпесі бауыр обырының алдын алуға септеседі. HPV вирусына (папилома вирусы) қарсы қыздарға жасалатын екпе жатыр обырын төмендетуге мүмкіндік береді. Ал жатыр обыры бойынша көрсеткіш жоғары болып тұр", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова Сенаттағы тыңдау кезінде.  Оның айтуынша, қоғамда онкологиялық аурударға деген көзқарас біржақты емес, халық арасында оны жаман ауру деп атайды. Дәрігер онкологияға бұлай емес, бүкіл әлемдегідей созылмалы ауру ретінде қарау керектігін айтады. Соңғы 20 жылда әлем бойынша онкологиялық аурулар көбейген. Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,5 есеге артқан. Бұл ауруха қазақстандықтардың 36 пайызы шалдығып,15 пайызы одан көз жұмады екен.  "Әйелдердің шалдығуы көбірек болады, өйткені сүт безінің обырына шалдығу деңгейі жоғары. Ерлер арасында өкпе, асқазан, колоректалды обыр жиірек кездеседі", - деді ол.  Сонымен қатар, дәрігер обыр анықталған адамдардың 70 пайызы еңбек жасындағы адамдар екенін айтады.  "Мемлекет үшін келетін шығын жылына 20 миллиард теңге. Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Аөқмола облыстарында көрсеткіш жоғары", - дейді онколог. 

Дерек көз: Tengrinews.kz 


 

Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.