Какой сегодня день

17 октября

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі 30%-ға артты

2017 жылдың басынан бері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі 30%-ға артып, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы комитетінің 8-отырысы барысында белгілі болды.

Отырыс кезінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаолимен келіссөздер жүргізді. Үкімет басшысы ресми сайтының мәліметінше, тараптар жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен келешегін, екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері: сауда-экономика, энергетика, индустриялды-инновациялық, ғылыми-техникалық, қаржы, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, әскери-техника саласының, өңірлік және шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында жүздесушілер 2016 жылдың қыркүйегінде ҚР мен ҚХР көшбасшылары қол қойған «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жаңа экономикалық саясатының ынтымақтастық жоспарын жұптастыра жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. А. Мамин отырыс барысында ҚР мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқандығын айтты.

«Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жаңа экономикалық саясатының ынтымақтастық жоспарын жұптастыра жүзеге асыру екі елдің алдында транзиттік-көліктік ынтымақтастық, сауда, өңдеуші өнеркәсіп саласын дамытуда жаңа перспективаларға жол ашады»,- деп атап өтті А. Мамин.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейінің сапалы екендігін, негізінен, Қытай-Қазақстан-Еуропа бағдарында контейнерлік тасымалдар көлемінің өсіп келе жатқандығын тілге тиек етті.

2017 жылдың басынан бастап 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сауда 30% - ға артып, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады.

Қазіргі таңда индустрия, инновация, көлік және логистика аумағында жалпы құны 27 млрд АҚШ долларын құрайтын 51 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

ҚР мен ҚХР арасындағы транзитті тасымалдардың өскендігін есепке алсақ, ынтымақтастықтың негізгі бағдары көлік-логистика саласы болып табылады. Қазақстан алдағы уақытта Ұлы Жібек Жолы бағдары бойынша тасымалдарды дамытуға жағдай жасау үшін көлік инфрақұрылымын белсенді дамытуда. 2017 жылдың 1 тоқсанындағы контейнерлік тасымалдар көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе өскен.

ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Ч. Гаоли екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы бойынша Қазақстан-Қытай байланыстарының дамуында динамика бар деді.

«Біз нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық жағдайды жасап, екі елдің игілігі мен пайдасы үшін бірлесе жұмыс жасауымыз керек», - деді Ч. Гаоли.

Комитеттің отырысы аясында «Қостанай-Астана» телекөпірі өткізілді. Онда «Сарыарқа Авто Пром» ЖШС-нің өндірістік алаңында ANKAI сериалы автобустарды шығару іске қосылды.

Отырыс барысында кіші комитеттердің төрағаларының есептері тыңдалды.

ЭКСПО-2017 кезінде «Қазақстандағы Қытай туризмі жылы» және 5 шілде – Астанадағы Қытай ұлттық күнін атап өту жоспарланған.

Дереккөз: Baq.kz


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.